• USD 466.44

  • EUR 487.71

  • RUB 8.56

  • CNY 69.65

04 Шілде, 03:44:29
Алматы
+23°

04 Мамыр, 2017 Саясат

Қарт Иона: «Доллар жерде күзгі жапырақ болып жатады»

Одеcсалық қарт Ионаның өлер шағы алдында жасаған болжамдарын ресейлік БАҚ жарыса жариялауда деп хабарлайды

Одеcсалық қарт Ионаның өлер шағы алдында жасаған болжамдарын ресейлік БАҚ жарыса жариялауда деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. Ол Украинадағы қантөгісті алдын-ала біліп, уақыты келгенде Украина өз қателігін түсінеді деп айтқан-мыс.

Сонымен қатар қарт Иона Украина мен Ресейдің тағдыры бір-біріне тығыз байланысты, екі халықты біріктіріп отырған ортақ Қасиетті Русь барына сенген. Украина мен Ресейді бөліп-жарғысы келгендер жақсылыққа кез болмайды депті-мыс.

АҚШ долларына байланысты қарт Иона былай депті дейді: «Доллар жақын уақытта жерде күзгі сары жапырақ сияқты шашылып жатады».

Бұл кісінің жасаған болжамдары не қағазға түспеген, не видеоға түсірілмеген. Мұның бәрі рас па, өтірік пе белгісіз. Көрші мемлекеттегі әріптестер әйтеуір түймедегідей нәрсені түйедей қылғысы келіп отырғандары анық.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір