• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 00:10:38
Алматы
+35°

04 Мамыр, 2017 Әлеумет

Жат ағымда болған қазақ әйелі ішкі сырымен бөлісті: «Балам қайыр тілеп отыратын»

Әсел Базарбаева жөнінде қазақ жұртшылығы Қазақстан халқы Ассамблеяның XXV сессиясында білді. Көкшетау тұрғыны іс-шарада баяндама жасаушылардың қатарында болуы...

Әсел Базарбаева жөнінде қазақ жұртшылығы Қазақстан халқы Ассамблеяның XXV сессиясында білді. Көкшетау тұрғыны іс-шарада баяндама жасаушылардың қатарында болуы керек еді, бірақ уақыттың жетіспеушілігінен оның баяндамасы оқылмай қалды, алайда Әсел өзіне көңіл аудартпақ болып, микрофонды сұрайды. Мұны байқаған Елбасы оның баяндама жасауына рұқсат етеді. Мінберге шыққан төрт баланың анасы басынан кешкен қиын тағдыры жайында айтып берді.

Әсел күйеуі екеуі 10 жылға жуық басқа діннің ағымында болған. Бірнеше күн бұрын ғана өзге ағымның әсерінен шыққан екен. Бүгінде әйел кәсіппен айналысып жүр. Деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге арналған орталық ашты.
Өз сөзінде Әсел жат ағымға кіріп шыға алмай жүргендерге қайта жанданудың, жаңа өмір бастаудың жолдарымен бөлісті.

Бүгінде Әсел мыңдаған аудиторияның алдына шығып еркін сөйлеп тұр. Қателіктерінен қорықпай, керісінше ашық айту әйелге тән қайсарлық мінездің көрсеткіші. Алайда, мұндай жағдай жиі болмаған. Әйел 18 жасында сәтсіз махаббаттың кесірінен дінге кірген, себебі бір ауыл тұрғыны Әселге намаз оқуға кеңес береді. Болашақ күйеуімен Петропавл қаласындағы мешітте танысқан. Тойдан соң туыстарымен арада жанжал туындап, жас жұбайлар Степногорск қаласына, кейіннен Көкшетауға қоныс аударады. Жаңа қала жас отбасына жақпай қалады. Тұрмыстық жағдай, діни мәселе – бәрі қарбаласып жатқанда, ол жақтың адамдары да екеуіне өз ережелерін тықпалап, сол қауымның заңымен жүруге мәжбүрлейді. Ал Әселдің күйеуі адамдардың ығына тез берілетін жан. Сөйтіп, өзгелердің ықпалымен жүрген отбасының жағдайы түзеледі.

Tengrinews тілшісіне берген сұхбатында Әсел Базарбаева істің мән-жайын ашып айтып берді.

«Көкшетауда ислам дінінің өркендеуі жиілеп кетті. Менің байқағаным, бағыты бөлек болды. Сөйтіп, өз-өзіме сұрақтар қоя бастадым, мазхабтың қажеті бар ма, намазды қалай дұрыс оқуға болады? Сүннет бойынша оқу керектігін білдім. Кейінірек кез-келген жерден ет жеуге болмайды деген дерек естідім. Міндетті түрде мұсылман адам сойған халал ет болу керек деп естідім. Жабық киіну керектігін білдім. Дінге кірген сайын ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін білгің келіп тұрады. Сөйтіп, ізденесің. Уақыт өте келе күйеуім ата-анамнан бас тартуымды сұрады, сұрамады, бұйырды. Олардың намаз оқымай, ораза тұтпайтынын сынап, сенімі жоқ адамдар деді.

Көкшетауда күйеуім жұмыссыз болды. Оған Ақмола облысы Бестөбе ауылынан құрдастары хабарласты. Олардың алтын шығаратын шахтасы болған, сол жерге жұмысқа шақырды. Біз келістік. Ол жерге күйуеім тез сіңісті, қандай да бір қауым өкілдерімен жақсы қарым-қатынаста болды. Олардың нақты аты болмады, тек қауым болды, сенімі мықты бауырлар деп атады өздерін. Күйеуім олармен жұмыс жасап, тығыз қарым-қатынаста болды. Радикалды ойлармен әуестенді. Сөйтіп, бір-бірінің әйелдері де дос болғанын қалап, бәріміз бір үйде бас қостық. Мен ол кезде үшінші қызыма аяғым ауыр болған. Үйге жиналған әйелдердің бәрі хиджаб киген, маған мейірімді болып көрінді. Шай ішіп болған соң бәріміз отырып уағыздар айтылған видеоролик көрдік. Ол қыздардың айтуынша, іс-әрекеттердің бәрі Алланың атымен болу керек. Видеороликтен соң жиында отырған қауым өзара талқылауға көшті. «Алла жолында өзімізді құрбан ете алмай жүрген қандай пасық адамдармыз» десіп жатты. Менің ойым мүлдем басқаша болғандықтан, олардың сөздері таңсық көрінді. Ұлттық дәстүрге жат бағытты ұстанған шығармын, бәлкім, себебі күйеуімнің айтқанымен жүретінмен. Алайда мен салт-дәстүрімізді жақсы білетіндіктен ішімде күдік пайда болды. Олар менің ойымды сұрағанда, мен жиһад деген нәрсеге қарсы екенімді айттым. Біз ол уақытта Ресейден келген оралмандардың үйінде жиналғанбыз. Олардың 4 балалары болғандықтан мемлекет оларға 4 бөлмелі үй берген. Олар өз кәсптерін ашып, көлік сатып алды. Жағдайлары өте жақсы болды. Менің жаңағы айтқаным оларға ұнамай қалды. Бұдан соң әйелдер менің мүлдем басқа ағымда жүргенімді айтып, күйеуімнен де күдіктене бастады, оны лас істерге араластырды. Күйеуім мұның бәрін біле тұра, көніп жүрді, айтқандарын істеді. Үйде отырмайтын болды, мен екі баламен жалғыз қалдым. Ал үйге келген уақытта әңгімесінің бәрі жиһад жайында болды. Күндердің бірінде үйге келіп, жиһад жолында Шешенстанға кететінін айтты. Мен қарсы болдым, кетпес үшін тіпті алдына жатып алдым, ол қалды. 2006-2007 жылдары осы қауымның мүшелері ұсталды. Ұсталғандардың әйелдері бәріне бізді кінәлады. Мен қатты уайымдадым.

«Балам қайыр тілеп отырды»

2012 жылы мен қоғамдық қорға жұмысқа орналастым. Айлығым 25 мың теңге болатын. Ал пәтер үшін айына 50 мың төлейтінбіз. Сол себепті қосымша табыс табуды ойладым. Тойларда фотограф болдым, көлігіммен адам тасыдым. Өзге адамдарда күмән тумас үшін хиджабымды шешіп, ақыр соңында намаз оқуды да қойдым. Бірнеше жұмыс мойныма жүктелгендіктен дұрыс ұйықтай алмайтынмын, азып кеттім, бірақ балаларымды асырауым керек болды. Сөйтіп, жұмыстан үйге қайтып келе жатып, қолына қорап алып, қайыр тілеп отырған ұлымды көзім шалды. Маған табыс табуға көмектескісі келген екен. Ал бұл уақытта күйеуім үйде жатты, тіпті баласының осылай отырғанын білмеген.

Кекйінірек қызым мектепте ұрлықпен айналысып жүргенін білдім. Ақшасы болмағандықтан, қарны ашып, достарының ақшасын ұрлап жүріпті. Сөйтіп, балаларымды өзіммен бірге жұмысқа алып жүрдім, ұлым тойларда қара жорға билеп, 700  теңге ақша тауып жүрді.

«Қайта қорықты»

Басымнан өткен жайттарды саралауыма қоғамдық қорда жұмыс істеп жүрген кездерім септігін тигізді. Мен бар күшімді жиып, өз-өзімді дамытуға бел байладым. Бірде «Әйел және дін» тақырыбында өткен қоғамдық іс-шараға қатыстым. Ол жерден «Күшпен кіріп» деген фильмді көрдік. Фильм деструктивті дін ағымдарына еріп кеткен жәбірленушілер жайында болды. Мен фильм үзіндісінен өз өмірімді көрдім. Қаншалықты қателікке бой алдырып жүргенімді ұқтым. Бұл фильм менің қайта жандануым септігін тигізді. Не күйеуімді, не балаларымды таңаду керек болды. Мен күйеуіммен ажырасып, балаларымды таңдадым.    

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір