• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 16:16:08
Алматы
+35°

04 Мамыр, 2017 Кәсіпкер

Мысық пен итке ән салатын ветеринар көпшілікті сүйсіндірді (ВИДЕО)

Американың Колородо қаласында мал дәрігері  болып жұмыс істейтін Росс Хендерсон есімді дәрігер өзінің төрт аяқты емделушілеріне күрделі ота...

Американың Колородо қаласында мал дәрігері  болып жұмыс істейтін Росс Хендерсон есімді дәрігер өзінің төрт аяқты емделушілеріне күрделі ота басталардың алдында және ота жасап болған соң гитарамен ән салады, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі ren.tv-ға сілтеме жасап.  

Талантты дәрігер Колорадо шататындағы бір емханада жұмыс істейді. Емхананың Facebook парақшасына Росс Хендерсонның гитарамен ән салып отырған видеосы жүктелген болатын. Видео көпшіліктің көңілінен шығып, жас дәрігер үлкен танымалдылыққа ие болды. Видеода Росс Хендерсонның ота жасалған күшікті аяғына  жатқызып, ән салып отырғаны анық көрінеді.

Әлеуметтік желіде жарияланған видео 200 мың рет қаралып, үш мың қолданушы сілтемесін өз достарымен бөліскен.

Росс Хендерсон 28 жаста. Лейквуд қаласындағы емханалардың бірінде өзінің әкесі және ағасымен бірге жұмыс істейді.  Жас жігіттің әріптестері Росстың өте мейіріміді жігіт екенін айтқан болатын. Жиі-жиі төрт аяқты емделушілеріне ота жасағаннан кейін қолына гитара алып, әндететінін айтып берді.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір