• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 15:24:41
Алматы
+35°

04 Мамыр, 2017 NEWS

Арнайы жасақпен өткен футбол ойыны Рамзан Қадыров үшін сәтсіз аяқталды

Шешенстан елінің басшысы Рамзан Қадыров «Терек» атты арнайы жасақ қызметкерлерімен болған футбол ойыны кезінде аяғын жарақаттап алды деп жазады

Шешенстан елінің басшысы Рамзан Қадыров «Терек» атты арнайы жасақ қызметкерлерімен болған футбол ойыны кезінде аяғын жарақаттап алды деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі tvzvezda.ru-ға сілтеме жасай отырып. Бұл туралы Рамзан Қадыров өз инстаграм парақшасына жазған.

«Бұрын біз жиі жеңіске жететінбіз. Бұл жиналғандарға аса қатты ұнай қоймайтын шығар. Бірақ бұл жолы олар мүлдем басқа тактиканы қолданып, аяғымды жарақаттады»,- деп түсіндірді.

«Аяғымды жарақаттасам да тұрып, ойынды жалғастырдым. Алаңда олардан аулақ жүруім керек екендігін ұқтым»,- дейді Рамзан Қадыров. Ол аяғын жарақаттаса да оның командасы 5:2 есебімен жеңіске жеткен.

«Футбол ойнаңыздар. Әрқашан жеңіске жетесіздер. Егер алаңнан гипссіз шыға алсаңыздар», - деп сөзін түйіндеді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір