• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:12:51
Алматы
+35°

04 Мамыр, 2017 Айтты-ей, бауырың!

Жүргізуші ағаның әңгімесінен кейін тәубаға келмеу мүмкін емес

Кеш. Алматы қаласының күнделікті күйбең тіршілігі. Қыстың қытымыр аязы қатты тоңдырады. Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін үйлеріне асыққан жандар. М.Әуезов...

Кеш. Алматы қаласының күнделікті күйбең тіршілігі. Қыстың қытымыр аязы қатты тоңдырады. Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін үйлеріне асыққан жандар. М.Әуезов атындағы театрда сахналанған «Қоштасқым келмейді» атты спектаклінен керемет әсер алып келе жаттық. Абай мен Тұрғыт Озал көшесі бойында тұрмыз. Алыстан бірнеше көліктер көрінеді. Сол көліктердің біреуі жанымызға келіп тоқтады. Жатақханаға асыққандықтан көлікке мініп, барар жерімізді айтып, ыңғайланып отыра бастадық. Көлікте ойнап жатқан Төреғали Төреәлінің әдемі әуенімен  «қарт» Алматының көшелерімен кетіп бара жатырмыз. Әдемі көлікке жайғасып, ауа-райының суығынан көліктің ішіндегі жылытқышпен жанымдағы құрбыларым жылына бастады. Көліктің ішіндегі жинақылық пен тазалық көлік иесінің ұқыпты жан екенін бірден аңғартты. Арасында пысығы болып жаймен әңгімемді бастадым.

Ағайдың түр-әлпеті 50-55 жас шамасындағы ер адам, бетіне аздап әжім түскен. Қиындығы мен қуанышы қатар өмірді кешкені әңгімесінен байқалды. Ағайдан ептеп оның өмір жолын, қызметін, отбасын сұрай бастадым. Ол әңгімесін әріден бастады. Өмір жолында көрген қиыншылықтары аз болмаған екен. Сәби кезінен бастап балалар үйінің тәрбиеленушісі болып, кәмелеттік жасқа толған соң өз еркімен өмір сүрген. Өз еркімен еңбектеніп, білім алып, қаражат тауып, жанұя құрған. Бірақ, аз уақыттан кейін жұбайымен сөзге келіп, отбасылық өмірі межелі жерге жетіп, ажырасып тынған. Қазір жападан жалғыз өмір сүреді. Балаларымен кейде ғана араласып тұрады. Өмірден қиындық көріп, сол қиындыққа әлі де төтеп беріп келе жатыр. Осы күніне алғыс айтып, Аллаға тәубе дейді. Алайда, жар бақыты, бала бақытын көру бұл кісіге бұйырмаған нәрсе екен. Такси жүргізушісі бола тұра ай сайын алатын айлығы жиырма мың теңге. Бұл қаражат оның не пәтерін төлеуге, не балаларының шығынын өтеуге жетпейді. Күнделікті тірлігі такси жүргізушісі ғана. Арнайы жоғарғы білім беру орнында алған білімі болса да, такси жүргізушісі болған оған ұнайды. Ол кісінің айтқан әрбір сөзін жадымызда сақтадық. Өмірде сан түрлі адам болса, сонша тағдыр болады. Сол тағдырдың қиыншылығына төтеп беріп, қарсы тұра алсақ жеңіске жетеміз. Қарсы тұра алмасақ, сол жолдың нақ ортасында қаламыз. Бұл кісінің тағдыры дәл осыған келеді. Сөзіне құлақ асар болсақ, уақытты кері қайтарғысы келетіндей көрінді. Ақша, абырой жай ғана көз бояушылық нәрсе екенін, ең бастысы отбасылық бақыт екенін түсіндік. Бұл кісінің өмір жолы, ауыр болғаны әрбір айтқан сөзінен байқалады. Ағайдың межелі жерге жеткендегі айтқаны, бар бақыттарыңды бағалаңдар деген сөзі еді. Көліктен түсіп, алғысымызды айтып, жатақханаға қарай қадам бастық.

 

Сулейман Демирел Университеті

Журналистика мамандығының 1-курс студенті

Назерке Жексембаева

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір