• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 17:14:51
Алматы
+35°

04 Мамыр, 2017 NEWS

ОҚО-да кезекті педофил тұтқындалды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі timeskz.kz басылымына сілтеме жасап.

Түлкібас ауданының 23 жастағы тұрғыны осыған дейін де сотты болған. Не отбасы, не жұмысы жоқ жігіт іші пысқаннан аудан көшелерін аралап жүріп, мектептен қайтып келе жатқан 15 жастағы оқушыны көріп қалған.

Жас жеткіншекпен танысып, оған түрлі мақтау сөздер айтып, үйіне шығарып салмақ болды. Өз арам пиғылын іске асырмақ болған қылмыскер жолда саябақта серуендеп қайтуды ұсынған. Белгілі болғандай, саябақта адамдар болмаған. Педофил кенеттен қызға тап беріп, оны әжетханаға сүйреп алып барған да, оны зорлаған.

Кейіннен мектеп оқушысын үйіне дейін алып барып, анасына айтқан жағдайда өлтіріп кетемін деп қорқытқан екен.

Зардап шеккен қыз келе сала мән-жайды анасына айтып бергеннен соң анасы дереу полиция бөлімшесіне барып арыз жазған.

Қылмыстық істерге қатысты ОҚО аудандық мамандандырылған соты кәмелетке толмаған қызға зорлық көрсетті деген айыппен қылмыскерді 14 жылға бас бостандығынан айырды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір