• USD 475.94

  • EUR 483.98

  • RUB 7.94

  • CNY 70.09

18 Тамыз, 22:34:58
Алматы
+18°

05 Мамыр, 2017 NEWS

Солтүстік Корея жайында біз біле бермейтін жаға ұстатарлық деректер

Солтүстік Корея елі жабық саясат ұстанатыны баршамызға мәлім. Алайда, соңғы жылдары өз елінен қашып шыққан адамдардың Солтүстік Корея жайында айтып жатқан...

Солтүстік Корея елі жабық саясат ұстанатыны баршамызға мәлім. Алайда, соңғы жылдары өз елінен қашып шыққан адамдардың Солтүстік Корея жайында айтып жатқан әңгімелері біраз жұрттың таңданысын тудырған болатын. Қамшы ақпараттық агенттігі осы ел жайында тағы да бірнеше жаға ұстатарлық деректерді назарларыңызға ұсынады.

КХДР-да қазір 2017 жыл емес, 106 жыл болып табылады. Мұның себебі: бұл елде жыл санау Иса пайғамбардың туған жылынан бастап емес, Ким Ир Сеннің туған кезінен бастап саналады.

Солтүстік Кореяда әлемдегі ең үлкен стадион орналасқан. 150 мың адам сыятын бұл стадион 1989 жылы салынған болатын.

2011 жылы Ким Ир Ченнің қазасына байланысты аза тұту күні аяқталғаннан соң «дұрыс жыламаған» адамдардың үстінен іс қозғалып, сотталған. Кінәлі деп табылғандар жарты жыл көлемінде еңбек лагеріне жіберіліп, қара жұмысқа жегілген.

Солтүстік Кореяда шаш алдыратын жерге барып өз қалауыңыздай шаш үлгісін жасата алмайсыз. Әйелдер мен ер адамдардың тек 28 шаш үлгісінің түрі ғана рұқсат етілген. Сонымен қатар, шаш бояуға мүлдем болмайды.

Үкіметтің радиосын өшіруге қатаң тыйым салынады, ол бүкіл жерде – көшеде, үйлерде, дүкендере ойнап тұруы қажет. Сонымен қатар тыйым салынған радиохабрларды тыңдаған адамдарды аңдитын арнайы жасақ бар. Тәртіпті бұзған жағдайда, жазасы – өлім.

Жергілікті телеарналардың тек үш түрі ғана бар. Оның екеуі тек демалыс күндер мен мерекелерде ғана қосылады.

Солтүстік Кореяда автокөлік тапшылығы бар, 3000-4000 адамға 4-5 автокөлік тер қоғамдық көліктер жұмыс істейді.

Бұл елде жұмыс күні аптасына 6 күн, ал бір күн өз еркімен жұмыс істеушілерге арналады, қысқасы, бұл елде жұмыс істейтіндер екі аптада бір рет қана демалады екен. Ал айлық табыстары $5-6 аспайды.

Иә, біз білетін Солтүстік Корея жайындағы деректер осындай. Ал, біз білмейтін деректер мен халқының тұрмыс жағдайындағы қиыншылықтар да өте көп.

Дайындаған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір