• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Шілде, 07:29:27
Путин Зеленскийге барлық тұтқынды алмастыруды ұсынды

05 Мамыр, 2017 Айтты-ей, бауырың!

Қазыбек Иса: Қазақша білмесең, қазақ министрі боласың…

Заңға жауапты министр заңды бұзып отыра бере ме?

Заңға жауапты министр заңды бұзып отыра бере ме?

Мемлекеттік  қызметкерлері мемлекеттік тілде сөйлемейтін  әлемдегі жалғыз ел – Қазақстанда тағы бір білдей министр қазақша сөйлей алмай, «бір жылда үйреніп аламын ғой» деп құтылды…  Министр болғанда да анау-мынау емес, заңға жауап беретін Әділет министрі! Иә, сол, бірден білдіңіз, рөлге ішіп алып отырып, Ішкі істердің қолына түсіп, баспасөзді шулатқан Марат Бекетаев!

Есімізге түсіп отыр,  2004 жылы Парламент сайлауы біткесін, сол кездегі Сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Балиева  Әділет министрі болып кеткенде жазған: «Әділетсіз сайлау өткізсең, Әділет министрі боласың» деген сөзіміз  мәтелге айналып кетіп еді…  Өткенде де  Марат Бекетаев Әділет министрі болғанда баспасөзде «Ішіп алып көлік басқара алмасаң, Әділет министрлігін басқарасың» деген сөз желдей гулеп кетті…

Сонда заңға жауапты министр заңды бұзып отыр ғой…   Заң болғанда да Қазақстанның Ата заңы – Конституцияның  7- бабы, 1-ші  тармағын  бұзып қойып, жағасы жайлауда жайбарақат есіп жүр…

Бұлардың алдында қанша министр, қанша әкім осындай уәде бергенінен жаңылып та қалдық. Өткенде Ұлттық экономика министрі, енді  Әділет министрі, ертең қай министр «Қазақшаны бір жылда үйренемін» деп, Қазақты алдап қойып, отыра береді?  

Бұл бұлардың  Елді алдағаны ма, Елбасыны алдағаны ма?..

Экс-сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов сияқты: «Басыма операция жасап, миымды ауыстырмасаңдар, қазақ тілін үйрена алмаймын»-дегенінен гөрі «бір жыл болса да,  үйренеміні» дұрыс қой деп, соқыр үміттің соңында салпақтап келе жатқанымызға ширек ғасыр болды…

Қазақстанда қазақша білмесең – министр боласың!..  Өзбекстанда  өзбекше білмесең, арба да айдай алмайсың…  Өзбекстанды  өзіміздің туысқан,  көршілес бәсекелес ел болған соң мысалға келтіріп отырмын.  Әйтпесе, әлемнің бар елінде сол, мемлекеттік тілді білмесең, мемлекеттік қызметтің маңына да жуйи алмайсың!  Тек Қазақстаннан басқа…

Елбасымыз айтқан Рухани жаңғырудағы  Ұлттық коды жоқтар Ұлтты қалай жарылқамақ?

Ұлттық жаңғыруды министрлерден бастап, мемлекеттік жауапты қызметтерге Ресейдің мемлекеттік тілін емес, Қазақстанның мемлекеттік тілін білетіндерді  алудан бастау керек!

 

Қазыбек ИСА

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

14 пікір

Ерсін 05 Мамыр, 2017

Қазыбек Иса: Қазақша білмесең, қазақ министрі боласың…- Иса, мына пікіріңді оқыған ұяты бар министрлер баяғыда тезек теріп кетер еді. Бірақ олар қазақша түсінбейді түсінбеген соң ұяттары оянбайды. Күндердің күні болар сонда олардың да қазақтың алдына есеп беретін сәті туар. Әзірше жүре тұрсын.

Tilek 05 Мамыр, 2017

Keremet !

Шәкірттері ұсынады. 06 Мамыр, 2017

Құрманбеков А.Ж. сс, 16/08/2016 - 23:13 Советхан Ғаббасұлы-Ұлы ғалым, ойшыл көкеміз, оған ешкім тең келе алмайды. Шымкенттіктер Сізді зор құрмет тұтады. Сізге қарап үретіндер қаншық кәндендер, шетінен импотенттер, бейшаралар, сексоталар. Олар үре берсін. Сіз ғылыми еңбектеріңізді халыққа ұсына беріңіз.

Аскар 11 Мамыр, 2017

Арине министрлер казакша билуге тiйстi. Бiрак мемлекеттiк тiлде сойлемейтiн мемлекеттiк кызметкерлерi бар елдер толып жатыр. Мысалы: Ирландия, Нигерия, Белоруссия, Сингапур, Габон т.б. Сондыктан бiрдеменi жариаламай турып жаксылап тексерип алганиыз жон, айтпесе созниздин куны кетип калады.

Елдос 12 Мамыр, 2017

Сол екен гой министрлер және депутатарга жұмыс сұрап барсам жұмысқа алмайды, енді түсіндім қазақша емес орысша сурауым керек еді - әттенай әтен орысша былмейм министр болар ем деген әнге көшейн