• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 23:41:46
Алматы
+35°

05 Мамыр, 2017 NEWS

Шекара қызметінің экс-директоры, сотталушы Нұрлан Жоламанов Елбасына хат жолдамақ

 Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы экс-директоры Нұрлан Жоламанов Елбасына хат жолдамақшы. Хатында ҰҚК Шекара қызметіндегі...

 Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы экс-директоры Нұрлан Жоламанов Елбасына хат жолдамақшы. Хатында ҰҚК Шекара қызметіндегі қызметкерлердің қылмысын әшкерелейтін нақты фактілерді келітретін ойы бар, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.

«Менің қорғалушым, Шекара қызметінің бұрынғы басшысы Жоламанов Шекара қызметі мен Қорғаныс министрлігіндегі қызметкерлердің істерін әшкерелеу мақсатында Президентке хат жолдамақ» деп хабарлады Мұстахим Түлеев ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Прокуратура» заңнамасын талқылау барысында.

Өз сөзінде қызметкерлер қылмысқа қатысы бар болғандықтан «бастыққа дүркілдеуге көшті» дейді.

«Қызметкерлер бастықтарын айыптау барысында былай деп жазды: Ол менің басымды идіріп, Ұйымдасқан қылмыстық топ құрды», деді мәлімдеме жасаған қорғаушы.

Нәтижесінде, оларға ҚР Қылмыстық Кодексіне сәйкес жазаланады немесе серіктестік жауапкершілігнен босатады.

«Олардың ығына жығылмас үшін алдын-ала шаралар ұйымдастыру қажет» деп ұсыныс тастады Мұстахим Түлеев.

Еске сала кетейік, 2015 жылдың  6 наурызында Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соты Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің бұрынғы директоры Нұрлан Жоламановты 11 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Сот Жоламановты «ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны» және «аса ірі көлемде пара алғаны» үшін айыпты деп таныды. Ол жазасын қатаң тәртіптегі қамау колониясында өтеп жатыр. Сот Жоламановты өмір бойы мемлекеттік жауапты қызмет ету құқығынан айырды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір