• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 21:22:46
Алматы
+35°

05 Мамыр, 2017 Әлеумет

Әкесі қызының тойына бірнеше күн қалғанда тойдың шығынын төлеуден бас тартқан

Қызына көмек қажет болған жағдайда әкесі барлық мәселелерін дереу шешіп беретін. Алайда, мына бір оқиға бұлардың өмірін түбегейлі өзгертіп жіберді, деп...

Қызына көмек қажет болған жағдайда әкесі барлық мәселелерін дереу шешіп беретін. Алайда, мына бір оқиға бұлардың өмірін түбегейлі өзгертіп жіберді, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

«Менің қызым осы жылдың 3 қарашасында тұрмысқа шығуы керек болатын. Бұл іс-шараға дайындықтың өзі біраз уақытты алды. Мен бұл өгей қызымның анасымен некеге тұрмағанмын, бірақ бірге тұрып келе жатқанымызға 10 жылдан аса уақыт болды.

Өткен жылы қызым жоғары оқу орнын бітіріп шықты, оның оқуының ақшасын толығымен төледім. Ол жұмыс істемейтін. Университетіне қиналмай барып-келсін деп мен оған көлік сатып алып бердім.

Уақыт өте келе ол өзінің туған әкесін жолықтырды және сонымен көп уақытын өткізетін болды. Ол қызының оқуына бір тиын да қосқан емес, бірақ әкенің аты - әке, қызы оны қатты жақсы көретін.

Қызымның тойына 250 адам шақырамыз деп шештік. Мен қызыма 20 адамнан тұратын тізімді беріп, тойда сол адамдарды көргім келетінін айттым. Тойға бірнеше күн қалғанда тізімде жазылған достарымның бірін кездестіріп қалдым.

Досымнан тойға келесің бе деп сұрағанымда, ол ешқандай да шақыру қағазын алмағанын айтты. Тек той болатынын естіген, бірақ шақыру қағазы қолына тимеген. Әрине, той болатынын естіп ол келе салмайды ғой және де хабарландыруда менің есімім емес қызымның туған әкесінің есімі жазылыпты.

Бірнеше күн өткеннен кейін тойға шақырылған 250 адамның ішінде мен шақырған 20 адамның бірі де болмаған екен. Бұл жағдай менің бетіме түкіргенмен бірдей болды.

Менің ашуландырған мүлде басқа жағдай. Бір күні кешке жұмыстан келсем, үйімде болашақ күйеу балам мен оның отбасы отыр екен. Екі жақтың туыстары бір-бірімен танысу үшін кішігірім кешкі ас ұйымдастырыпты. Ең сорақысы маған бұл кешкі ас жайында ешкім ештеңе де айтпаған және бәрінің назары қызымның таған әкесінде. Бұл жағдай менің қатты көңілімді қалдырды. Оның туған әкесі қызының үйлену той үшін не істеді?

Мен қолыма бокалды алып, сөз сөйлеймін дедім: «Мен үшін бұл отбасының мүшесі болу – үлкен қуаныш. Осы адамдармен бірге болған әрбір сәтім бақытқа толы болды. Ал қазір мен мүлдем басқа адамға алғыс айтқым келіп отыр: қызымның туған әкесіне, оның болашақ күйеуі мен туған-туыстарына.

Сіздер менің көзімді аштыңыздар. Мен бұл отбасыда тек банкоматтың рөлін атқарған екенмін. Тойға шақырылған қонақтардың тізімі мен бүгінгі кешкі асты көргенде мұны анық байқадым. Салтанатты түрде жария етемін: мен бұл тойдың шығынын көтеруден бас тартамын.

Туған әкесі үшін өте бақыттымын, дәл бүгін қызының барлық шығынын көтеруге оған мүмкіндік туып отыр. Сонымен қатар, дереу менің үйімді босатыңыздар», - дейді қыздың әкесі.

Өгей әкесінің бұл ісін дұрыс емес деп айтуға келмейді. Ол бұл той үшін бәрін жасауға дайын еді, бірақ оның жақын адамдарым деп жүргендері бетіне түкірді.

Аударған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір