• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 03:20:50
+35°

05 Мамыр, 2017 NEWS

Бөбектерден тамағын аяған балабақша жұрттың ашуына тиді

Қостанай облысында балаларға берілуі тиіс болған тамақты аяған балабақшаға айыппұл салынды, деп хабарлайды

Қостанай облысында балаларға берілуі тиіс болған тамақты аяған балабақшаға айыппұл салынды, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі ng.kz-ке сілтеме жасап.

Балаларға  балабақшада салат, ірімшіктен жасалған түрлі тамағамдар және жемістер берілуі тиіс болған. Балаларды тиісті тамақпен қамтамасыз етпеген балабақша Қостанай облысының Денис ауданында орналасқан. Тәртіпсіздікке жол берген балабақшаға сот үкім шығарды.  Үкім бойынша, балабақша 90 мың теңге айыппұл төлейді. 

Балабақшаның білім беру деңгейін тексере келе бірнеше тәртіп бұзушылық анықталып отыр. Балабақшада жұмыс істейтін қызметкерлердің біршамасының тиісті білімі болмай шықты.  Балаларды санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай емес жағдайда тамақтандырып жүргені де мәлім болып отыр.

Қыс-көктем мезгіліндегі түскі асқа салат және көкөністер берілуі тиіс болған. Мәзірде тұрған ірімшік қосылған тағамдар мен жемістерден де бүлдіршіндер дәм татпаған. Балаларға бір ай көлемінде берілуі тиіс болған сүт, балық, жұмыртқа, ірімшік, қаймақ сынды өнімдер тиісті норма бойынша берілмеген.

Аталған балабақша 2016 жылы да тәртіп бұзушылық бойынша тіркелгені мәлім болып отыр. Соған қарамастан тәртіп  бұзушылыққа әлі күнге дейін жол беріп келген. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір