• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 08:51:37
Алматы
+35°

05 Мамыр, 2017 NEWS

SOS: КӨП ҰЗАМАЙ ОҢТҮСТІК ШЫҒЫС АЗИЯҒА ТҮГЕЛІМЕН ҚЫТАЙ ҮСТЕМДІГІ ОРНАЙДЫ

Қытайдың Білім министрлігінің бекітуі бойынша Шанхай Халықаралық Зерттеулер университеті 2017 жылдан бастап, қазақ тілін үйрететін арнайы бөлім ашатын болыпты....

Қытайдың Білім министрлігінің бекітуі бойынша Шанхай Халықаралық Зерттеулер университеті 2017 жылдан бастап, қазақ тілін үйрететін арнайы бөлім ашатын болыпты. Иә, Қытайда көршілес елдерді соғыссыз жаулап алудың жолын көздеген Шанхай Халықаралық зерттеулер орталығы бар. "Нешауа десең, орыс қызын береді"-деген, қашанда қазақша сөйлеген өзге ұлтқа таңданыс білдіріп, қой сойып, жайылып төсек болып төрімізден орын беретін қонақжай, көңілшек қазақ емеспіз бе? Осылай орыс та жайылған бір кездерде қазақ жеріне. Қазақтың осындай әлсіз тұсын олар жақсы зерттеп, біліп алған. Осындай жағдайларды сараптап отырған Қытай Қазақстанды зерттеу объектiсiне алып отырғанын кездескен қытай ғалымдары да жасырмайды. Қытай қоғамдық академиясының профессоры Гу Гуан Фу: «Қазақстанға жылына үш-төрт рет барамын. Қытайдың орталығында және шекаралас аумағында Қазақстан мен Орталық Азияны зерттейтiн бiлiктi институттар бар. Бiр жақсысы, Қазақстанмен қарым-қатынас ұстау өте тиiмдi. Сiздер байланысқа тез келесiздер. Ал Ресейде болса олай емес. Екi ортада саяси қайшылықтар кездесiп қалады», - деп ағынан жарылуында үлкен алпыс астарлы мән жатыр.

Орталықтың түпкі көздегені көрші мемлекеттерді қытайландыру. Осы жолда олар қазақ тілін оқыту арқылы қазақ тілін игерген қытайлықтарды қазақ ортасына енгізуді бастайды. Уақыты келгенде қазақ тілді қытайлықтар бірі аудармашы, мектеп мұғалімі, бизнес өкілдері болып келіп Қазақстан нарығын иегеруге ағылады. Сондай-ақ, қазақ тілді қытайлықтардың Қазақстан азаматтығын алуына да жеңілдік болады. Бұған бір қытайдың соңынан мың қытайлықтың келетінін және қосыңыз. Қазақстанды қытайландырудың қытайлық жымысқы жолы бұл. Соңғы 20 жылда Қытайдан иммиграцияланғандардың саны шамамен 30 миллионға жеткен. Кейбір дерек көздері бойынша, Қытайдан шыққан іскер топтардың ең кемінде екі триллион доллар қаржысы бар көрінеді. Ол - ол ма, Азиядағы аты жер жарған жүз миллиардердің 39-ы тағы да сол қытайлықтар екен. Мұндай қалталы адамдар, сөз жоқ, ертеңгі Қазақстан саясатына араласады. Мұның соңы не болмақ? Осыған кім жауап бере алады? Аты мәшһүр американдық саясатшы Збигнев Бзежинский: «Көп ұзамай Оңтүстік Шығыс Азияға түгелімен Қытай үстемдігі орнайды» деп үрейленетіні осы себептен.

Бұл түптің түбінде Қазақ мемлекеттігінің негізін шайқалтатын, ұлтаралық ахуалды ушықтыратын аса қауіпті қадам. Бұған Синцзян Ұйғыр автономиясындағы қазақтар мен ұйғыр бауырларымыздың өз жерінде азшылыққа айналып, мектептерінің жабылуы, қалыптасқан күрделі әлеуметтік, ұлтаралық хал-ахуалдың жиі-жиі ушығуы дәлел болады. Өкініштісі, қытайлықтардың бұл жымысқы саясаты "Қытай мен Қазақстан арасындағы саяси, мәдени, экономикалық қарым-қатынастың нығайуына, сондай-ақ өзара бейбітшіліктің орнауына ықпал етеді" - деген үлкен сөздермен бүркемеленіп жүргізілмекші. Қытайдың болашақ гегемониясының қазiрдiң өзiнде көзге түсiп қалатын элементттерi жайына келгенде қытай саясаттанушылары пікірлерінен алыстан орағытып, ол жайында ойлауға мұршаңызды келтірмейтіндей етіп шатастырады. Сондықтан да Қытайдың Қазақстанға қауiп төндiруі мүмкін саясатын жоққа шығаруға болмайды. Тiптi, Қытайға көршілес өзге елдердiң бәрiнде де сол қауiп бар. Бұл заңды да. Өйткенi тарихтан да белгiлi, Қазақ мемлекетіндегі ішкі қуаты артқан сайын оның араны да ашыла түспек. Ендеше қытай бұғауына түскен Қазақстанның жағдайы қандай болмақ деген сұрақ өздігінен туындайды. Қара Қытай қаптайын деп тұр. Ойлан, қазақ!

 

Н.Қошаманұлы

 

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір