• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 02:24:23
Алматы
+35°

05 Мамыр, 2017 NEWS

Қытай жаңа C919 ұшағын құрастырып шығарды

Шанхайдың халықаралық әуежайы «Пудунда» қытайлық жаңа C919 жолаушыларға арналған ұшағын сынап көрді, деп хабарлайды

Шанхайдың халықаралық әуежайы «Пудунда» қытайлық жаңа C919 жолаушыларға арналған ұшағын сынап көрді, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі ТАСС басылымына сілтеме жасап.

Ол алғаш рет көкке көтерілді. Бұл уақытқа дейін ұшақ 118-ге жуық ұшу сынақтарынан өткен, сонымен қатар түрлі жылдамдықта ұшақты басқару сынынан де өткен болатын. Пекинде Comac компаниясы жасап шығарған бұл ұшақ Boeing мен Airbus компанияларының ұшағымен тең дәрежеде бәсекелес бола алатындығына сенім білдіріп отыр.

C919 ұшағының алғашқы нұсқасы 2015 жылдың қараша айында Шанхай қаласында жасалған болатын. Ал ұшақтың негізгі жобасы 2008 жылдан басталған. Ұшақты құрастыру жұмысына 200-ден астам кәсіпорындар мен ҚХР-ның 22 айлағынан 36 ғылыми-іздеу орталықтары қатысқан.

Ұшақтың орындықтары бірнеше нұсқада өндірілген, 158 орыннан бастап 190-ға дейін жетеді. C919 ұшағының орташа ұшу қашықтығы 4075 шақырым болса, максималды қашықтық 5000 шақырымға дейін жетеді екен. Авиалайнер 12 100 метр биіктікке дейін көтеріле алады.

People’s Daily Online басылымы C919 ұшағы 2018 жылы іске қосылады деп мәлімдеген болатын. Ал Comac компаниясы мұндай модельді ұшақтарды 100 млрд долларға бағалап отыр.

Аударған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір