• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 13:28:39
Алматы
+35°

05 Мамыр, 2017 NEWS

АҚШ Сириядағы мешітті бомбалағанын мойындап отыр

Америкалық әскерилер Пентагонда  Сириядағы діни ғимаратқа шабуыл жасағанын мойындады, деп хабарлайды

Америкалық әскерилер Пентагонда  Сириядағы діни ғимаратқа шабуыл жасағанын мойындады, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі CCN мәліметіне сүйеніп.

16 наурыз күні Әль-Джинн ауданында мешітке шабуыл жасалған болатын. Шабуыл нәтижесінде 42 адам қайтыс болғаны жайлы  хабар тарады.  Қайтыс болған адамдардың басым көпшілігі қарапайым халық өкілдері.  Пентагонда жасалған  мәлімдемеге сүйенсек, жарылыс «Әл-Каид» сарбаздарының жиналысы болып жатқан кезде орын алған. Жарылыс жиналыстың жанында орналасқан мекемеде орын алған.

Аталған іс бойынша жергілікті жердің телеканал қызметкерлері зерттеу жүргізген. Зерттеу нәтижесінде бомбаланған мекеме мәдени бағыттағы ғимарат болғаны анықталып отыр. Айта кетсек, мектеп және аурухана секілді ғимараттар жарылыс ұйымдастыруға болатын ғимараттар тізімнен шығарылып тасталады.

Әзірге жарылыс болған мешіттің сол тізімде болған-болмағаны анықталған жоқ. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір