• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 14:27:27
Алматы
+35°

05 Мамыр, 2017 Фото-баян

Нагасаки апатынан тірі қалған жапондық көрген азабын ұмытар емес

Сумитеру Танигучи Нагасаки апатынан тірі қалған жапондықтардың бірі деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.

Сумитеру Танигучи Нагасаки апатынан тірі қалған жапондықтардың бірі деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасай отырып.

Ол 1929 жылы дүние келген екен.  1945 жылдың 9 тамызында оның жасы небәрі 16-да болған. Арада 70 жыл өтсе де Сумитеру Танигучи көрген азабын, қорқынышын ұмыта алмай келеді.

Нагасакиге бомба тасталған тамыздың сол бір күні Танигучи эпицентрден 2 км.шақырым маңда шайтанарба айдап келе жатқан. Соққы жасалған кезде оны жер жұтып қоя жаздағандай болған. Бомба тасталғаннан кейінгі үш күн бойы ол ес-түссіз күйде ауруханада жатып, өмір үшін арпалысқан. Оның денесіне шіміркпей қарау мүмкін емес-тін. Тері тура мағынада түсейін деп жатқан. Әйелі күн сайын жақпамай жақса да, сол тыртықтар күні бүгінге дейін жанын жегідей жеп, мазалайды екен.

Он екі қабырғасынан қалған жапондықтың үш қабырғасы бүгінде қисайып кеткен, онымен қоймай өкпесін басып, дем алысына кедергі жасауда. «Уақыт бәріне емші» дегенімізбен Танигучи сол қолын жаза алмай-ақ қойды.

Екі жылы бойы ішпен жатқан бозбала ешнәрсеге қарамастан тірі қалды. «Ол демалып жатыр ма?» деп күн сайын ол үшін қорыққан дәрігерлер үшін оның аман қалуы үлкен қуаныш болды.

Қазіргі таңда Сумитеру Танигучи Нагасаки апатынан тірі қалғандар тобын басқарады. Нагасаки қаһарманының айтуынша, ешкім ядролық қарудың зардабын тартпауы тиіс. «Мен ол сұмдық қарудың көзі құртылғанын қалаймын» дейді жапондық.

Аударған: Жазира Байдалы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір