• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 16:19:34
Алматы
+35°

06 Мамыр, 2017 Фото-баян

Индонезияда қыздарды не себепті және қалай сүндеттейді? (ФОТО)

Бүгінгі таңда қыздардың сүндеттелуі жер шарындағы 30 шақты елде таралған, әсіресе, Таяу Шығыс пен Африка елдерінде. Қыздарды сүндетке жатқызатын дәрігерлер...

Бүгінгі таңда қыздардың сүндеттелуі жер шарындағы 30 шақты елде таралған, әсіресе, Таяу Шығыс пен Африка елдерінде. Қыздарды сүндетке жатқызатын дәрігерлер мұның себебін түрліше түсіндіреді, бірі діни тұрғыдан айтса, енді біреуі мұны жатырдың қатерлі ісікке шалдығуының алдын алады дейді. Алайда қыз-балалардың өмірін қатерге тіге отырып, мұндай қадамға барудың нақты себебін ешкім дөп басып айта алмайды. Қыздар сүндеттелгеннен кейін өте ұзақ уақытта қалыпқа келеді. Кей жағдайларда мұның салдарынан қатты қан кетуі немесе бедеулікке ұшыратуы әбден мүмкін, тіпті, кейде өте қайғылы жағдаймен аяқталатын кездер де болады, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Мұхамед (с.ғ.с.) туған күніне орай Джакартадағы 284 отбасындағы қыздардың барлығы сүндеттелу үшін барлық материалды ресурстарды алған. Бірнеше фотоконкурстардың жеңімпазы Стефани Синклер бұл іс-шараға да қатысып, түрлі жан түршігерлік фотосуреттер түсірген.

9 айлық қыз сүндеттелу үшін өз кезегін күтуде

Ақша алған 284 отбасының қыздары үлкен бөлмеде жиналып, рәсімнің басталуына дейін алдымен дұға жасауда.

Қыздардың бірін сүндеттеуге дайындап жатыр

Қыздарды сүндеттеу рәсімі Азия елдерінің біршамасында кеңінен тараған, мысалы Филиппин, Малайзия және Индонезия. Сонымен қатар БАӘ, Оңтүстік Йемень, Оман және Бахрейн елдерінде тәжірибеден өткізуде. Ал Латын Америкасының Бразилия, Шығыс Мексика және Перу елдерінде қфздарды сүндетке отырғызады екен.

Аударған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір