• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 16:22:15
Алматы
+35°

06 Мамыр, 2017 NEWS

Әйгілі Асанәлі Әшімов жайында деректі фильм түсірілді

«Шарайна – шындық шебері». Қазақ театры мен киносының корифейі Асанәлі Әшімов жайлы түсірілген деректі фильм осылай аталады, деп хабарлайды

«Шарайна – шындық шебері». Қазақ театры мен киносының корифейі Асанәлі Әшімов жайлы түсірілген деректі фильм осылай аталады, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Қазақфильмнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Режиссері – Бақыт Ғафу. Жаңа туынды өнер қайраткерінің 80 жылдық мерейтойына арналған. Деректі фильмде сахна шеберінің өнер әлеміндегі алғашқы баспалдағынан бастап, бүгінгі дәрежесіне дейінгі бүкіл жүріп өткен жолы қамтылған. Өнегелі өмір жайлы фильм Астанада өтетін ЭКСПО халықаралық көрмесіне де қойылмақ.

Айна адамның шын мәніндегі кейпін өз көзіне бұра тартпай көрсетеді. Өзгеге жылтырап көрінгенімен, өзіңді алдай алмайсың. Сондықтан, ең бастысы адам болу керек. Актер болу үшін де алдымен адамдық қажет. Жаңа деректі фильмнің өне бойы осы пәлсафамен өрілген. Онда актер өнер әлеміне алғаш қадам басқан сәтін былайша әңгімелейді.

«Қыз Жібек», «Трансібір экспресі», «Атаманның ақыры» сияқты талай тамаша туындыларда басты рөлдерді сомдаған Асанәлі Әшімовтің сахна мен түсірілім алаңындағы елеулі еңбегі әлі күнге жалғасып келеді. Алайда өнерде жарқырап көрінгенімен, өмірде қайғылы сәттері жетерлік.

Сан қилы тағдыр қайраткердің бәрібір сағын сындыра алмаған. Өмір қайта жанданып, дүниеге кішкентай Асанәлі келді. Осының бәрін қамтыған картина басты кейіпкердің өзіне қатты ұнапты. 

 «Менде бір 4-5 деректі фильм бар. Соның ішіндегі ең жоғарғысы. Ең шығармашылық жағынан сәтті шыққаны деп ойлаймын», - деп пікірімен бөлісті КСРО мен Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімов.

Асанәлі Әшімов қалың көрерменіне де, өз ортасына да сыйы артқан жан. Жанында жүріп, қойылымдарды бірге сахналаған іні әріптестерінің лебізі ерекше. 

Өнер майталманының 80 жылдығына арналған деректі фильм ЭКСПО халықаралық көрмесіне қойылмақ. Сондай-ақ, алдағы бір ай көлемінде Алматыдағы барлық кинотеатрларда Асанәлі Әшімов фильмдерінің ретроспективасы өтетін болады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір