• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 16:48:46
Алматы
+35°

06 Мамыр, 2017 NEWS

Жапониялық тұрғын үш жыл бойы қоғамдық дәретханада тұрып келген

Жапонияның оңтүстік-батысында орналасқан Усуки қаласында полиция қызметкерлері 54 жастағы Такаши Яманучи есімді ер адамды тұтқындаған. Ол бірнеше жылдар бойы...

Жапонияның оңтүстік-батысында орналасқан Усуки қаласында полиция қызметкерлері 54 жастағы Такаши Яманучи есімді ер адамды тұтқындаған. Ол бірнеше жылдар бойы қоғамдық дәретхананың шатырында тұрып келген екен, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Үйсіз-күйсіз жүрген еркекті сол аймаққа техникалық қызмет көрсетуге келген электрик байқап қалып, полицияға хабар берген.

Яманучиге қоғамдық орында рұқсатсыз тұрды деген айып тағылуы мүмкін. Оның айтуынша, Яманучи 10 жыл бұрын Гифу префектурасынан кетіп қалған, содан бері түрлі жерлерді паналап, күнелтіп келеді екен. Ал бұл қоғамдық дәретханаға ол үш жыл бұрын келіп қоныстаныпты.

Полиция қызметкерлерінің мәлімдеуінше, шатырдың жалпы көлемі 92 кв. метрді құрайды екен. Ол жерден тінту барысында зәр толтырылған 300 бөтелке, электр қыздырғыш, газ плитасы мен басқа да тұрмысқа қажетті заттар табылған. Сонымен қатар, шатыр өте таза күйде болғандығы көрініп тұр. Полиция қызметкерлерінің топшылауынша, Такашаки бұл шатырға қоныстанып, осында біршама жылдар бойы тұрып келгендігі ешкімге білдірмеу үшін жарты шатырдағы жарты метрлік тесіктен кіріп-шығып жүрген. Алайда, ол тесік енді жабық.

Аталмыш оқиғадан кейін Усуки қаласындағы билік өкілдері қаладағы қоғамдық дәретханалардың барлығын тексеріп шықты, алайда басқа жерлерден мұндай тұрғындар табылмаған.

Кедейлік пен жоқшылық адамдарды түрлі жерлерде күнелтуге итермелейтін жалғыз Жапония елінде ғана емес. Естеріңізге сала кетсек, 2013 жылы Пекин қаласында жерасты тесігінде 20 жыл бойы тұрып келген қыз ұсталған болатын.

Аударған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір