• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:28:15
Алматы
+35°

06 Мамыр, 2017 Фото-баян

Тайвандықтар екінші Меккеге айналуды көздеп отыр

Тайвань аралының тұрғындары үй  жануарларын қорғауға баса назар аударуда. Сол арқылы үй жануарларын қорғаушылар үшін екінші Меккеге айналуды көздеп...

Тайвань аралының тұрғындары үй  жануарларын қорғауға баса назар аударуда. Сол арқылы үй жануарларын қорғаушылар үшін екінші Меккеге айналуды көздеп отыр, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі.

Тайвандықтар жануарлармен қарым-қатынасқа түбегейлі өзгерістер енгізіп отыр. Үй жануарларын, оның ішінде ит пен мысықты қорғауға баса назар аударуда.

Өзіне саяхатшыларды көп жинайтын Тайвань аралын жаңа өзгерістер күтіп тұрғаны анық. Саяхатшылардың басым көпшілігі ит етінен жасалған тағамдардан дәм тату үшін аралға жиналатыны белгілі. Ал басқа саяхатшылар аймақтағы жануарларды қорғауға арналған қатаң заңдармен танысу үшін барып жатады.

Тайвандықтар ит пен мысықтың «етін» өнім ретінде шығаратындарға айыппұл енгізді.  Аталған екі үй жануарының етін сатып алуға, сатуға және сақтауға тыйым салынған.  Тіпті өлген марғау мен көше күшігінің маринадталған қаңқасы үшін $8 000 төлеуге тура келеді.

Үй жануарларына адамның сенімді серіктері секілді қарау міндеттеліп отыр. Адамдар итпен серуенге шыққан сәтте өз жүрісін баяулату керек.Баяу жүріс үй жануарына ыңғайсыздық тудырмайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір