• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 17:43:34
Алматы
+35°

06 Мамыр, 2017 NEWS

Боқтық сөз адамның денсаулығын жақсартады

Спортшылардың боқтық сөздер арқылы шынығуы шынымен де оларды сайыстың алдында мықтырақ болуға көмектеседі екен. Бұл туралы британдық медицина қызметкерлері...

Спортшылардың боқтық сөздер арқылы шынығуы шынымен де оларды сайыстың алдында мықтырақ болуға көмектеседі екен. Бұл туралы британдық медицина қызметкерлері Британия еліндегі кезекті кездесулердің бірінде мәлімдеді деп хабарлайды Қамшы  ақпараттық агенттігі ria.ru-ға  сілтеме жасай отырып.

«Боқтық сөздер арқылы ашуын шығарған адам үнсіз шыдамдылық танытқан адамға қарағанда кез-келген соққыны жақсырақ қабылдай алады. Бұл шешімді біз тәжірибе жасау  арқылы шығарғанбыз. Боқтық сөз айту жүйкеге әсер етіп, қиын жағдайда жүректің мықты болуына көмегін тигізеді. Демек, айғайлаған адам өзгелерге қарағанда мықты болады»,- деді Ричард Стивенс.

Стивенс пен оның қызметтестері  30 шақты еріктіге әдеттегі тесттің бірін жасады. Ол тест шыдамдылыққа немесе күшке байланысты екен. Олар велотренажердегі педалды бойында күш қалмағанға дейін айналдырады.

Тәжірибеге қатысушылардың көбісі тест алдында боқтап, айғайлап алуды жөн көрген. Жаттығу кезінде зерттеушілер олардың жүрек қағысын, физиологиялық белсенділігін бақылап отырды. Жаттығу бастамас бұрын боқтап, айғайлап алғандардың күші басымырақ болғандығы да байқалды.

«Боқтық сөз адамды шынымен де мықты ететініне сенуге болады. Себебі тест кезінде боқтап алғандар басқаларға қарағанда энергиясы 10% көбірек болды және 20% жоғары нәтиже  көрсетті»,- деп тәжірибе нәтижесін айтты зертеушілер.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір