• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 09:14:42
Алматы
+35°

06 Мамыр, 2017 NEWS

ЕЛБАСЫ: ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ЖАЛАҚЫСЫ 25 ПАЙЫЗҒА ӨСЕДІ

Бүгін Ақорда да мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен тарихи мерейтойлар тұсында жыл сайынғы үрдіске айналған әскери қызметкерлерді марапаттау рәсімі...

Бүгін Ақорда да мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың қатысуымен тарихи мерейтойлар тұсында жыл сайынғы үрдіске айналған әскери қызметкерлерді марапаттау рәсімі болып өтті,деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі. 

– Бүгінгі рәсімнің Қазақстан Қарулы Күштерінің 25 жылдығы қарсаңында өтуінің ерекше символдық мәні бар. Бұл – ел егемендігінің сенімді кепіліне айналған айбынды армиямыз үшін маңызды тарихи белес. Оның әлеуеті тәуелсіздік жылдарында әскери реформалардың, қару-жарақ пен техниканың жүйелі жаңартылуының арқасында айтарлықтай нығайды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. 
«Арпалысып жүріп алған абырой – өмірдің ең шырын рақаты», - деп даңқты бабамыз Бауыржан Момышұлы айтқандай, әскери қызметкерлердің жеткен жетістігі – жоғарғы әскери мектеп қалыптасып, толыққанды армия құрылғандығының дәлелі.

«Бiз қос мереке қарсаңында көп азаматтарды, әсiресе әскери қызметкерлердi марапаттап, тиiстi шендерiн беретiнбiз. Биылғы кездесудiң мәнi ерекше. Себебi, тәуелсiздiгiмiздiң 25 жылдық мерекесi, оның үстiнде Қарулы күштерiмiздiң 25 жылдығы аталып өтуде. Осынау мерейлi белесте ерекше ерлiгiмен көзге түскен азаматтарды марапаттаймын. Сiздер осы жылдар iшiнде бейбiт өмiрде де ерлiкке жол бар екенiн көрсетiп келесiздер. Сондықтан, мен сiздердi әр салада iстеген iстерiңiз, қызметтерiңiз үшiн, көрсеткен ерлiктерiңiз үшiн бүгiн марапаттаймын», - дедi Мемлекет басшысы Ақордада өтiп жатқан салтанатты рәсiмiнде.

Мерейлі 25 жылдықта 25 әскери қызметкер наградталды. Атап айтсақ: 
І дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталғандар: Асылов Берік Ноғайұлы, Аюбаев Мұхтар Ахатұлы, Жақсылықов Руслан Фатихұлы, Қаражанов Құрбан Сәкенұлы, Майкеев Мұрат Жәлелұлы.  

ІІМ дәрежелі «Даңқ» орденімен  марапатталғандар: Лепеха Игорь Владимирович, Оспанов Дәулет Рысқұлбекұлы.
І дәрежелі «Айбын» орденімен Бартенов Денис Валерьевич марапатталса, ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен Әуесбаев Іскендір Нұрланұлы, Ғиззатов Темір Сергоұлы, Лавренюк Евгений Владемирович, Сапарбаев Талғат Қаныбекұлы, Ысмайылов Талғат Қабдыбекұлы марапатталды.
ІІІ дәрежелі «Айбын» ордені Ахметуллин Нариман Мағжанұлы, Рахимбеков Мирбек Таштанбековичке табысталса, «Ерлігі үшін» медаль Айтеленов Берік Маратұлы, Жидеханов Нұржан Қосаманұлы, Сәлкеев АсхатТөқлегенұлы, Тәжібаев Жасұлан Кенжебайұлына табысталды.
«Жауынгерлік ерлігі үшін» Әзімбаев Әбжапар Мамырханұлы, Елубаев Серік Нұрлыбекұлы, Райкова Алина Сергеевна, Тергеубаев Нұржан Темірбекұлы, Төлегенов Алмас Төлегенұлы марапатталса , «Ерен еңбегі үшін» медаль Байділдаева Гүлпарида Талапбекқызына табысталды.

Өз кезегінде марапат иелері бүгінгі көрсетілген құрметтің мақтаныш әрі жауапкершілік екенін жеткізді. 
Салтанатты жиында Елбасы биылғы жылдың 1 шiлдесiнен бастап әскери қызметкерлердiң жалақысын 25 пайызға өсiру туралы шешiм қабылдағанын хабарлады. 
Қала тұрғындары мен қонақтары Қазақстан қарулы күштерінің заманауи қуатына 7 мамырда өткізілетін 5000 әскери қызметкер, 300 техника, 80 әуе қорғаныс техникасы қатысысатын әскери шеруде көз жеткізе алады. Мереке 7, 9 мамырда сағат 22.00 де Есіл өзенінің жағалауында отшашумен қорытындыланады

Ақордадан Дана Мырзақадір

Aigerim Taubay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір