• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 16:25:55
+35°

06 Мамыр, 2017 NEWS

ИБРАГИМ ЕСКЕНДІР «КӨК ТУДЫҢ ЖЕЛБІРЕГЕНІ» АТТЫ БҮКІЛРЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПАТРИОТТЫҚ КОНЦЕРТ БЕРЕДІ

5 мамырда Алматы қаласындағы Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің үлкен залында әнші Ибрагим Ескендірдің «Көк тудың желбірегені» атты...

5 мамырда Алматы қаласындағы Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің үлкен залында әнші Ибрагим Ескендірдің «Көк тудың желбірегені» атты патриоттық концерті өтті. Тыңдарманды рухты әндермен тербеткен ерекше концерттен кейін ҚР «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері, патриоттық әндердің орындаушысы Ибрагим Ескендірді аз-кем әңгімеге тарттық. «Елге, жерге, отанға деген махаббат оның рәміздерін құрметтеуден басталады» дейтін Елбасымыздың сөзі бар деп әңгімесін бастады әнші. 

Әншінің айтуынша бұл концерт «Көк тудың желбірегені» атты жоба аясында ұйымдастырылып отыр. «Жас Отан» ЖҚ ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты - ұлттық кодыңды сақтай білу» деген сөзін негізге ала отырып, ҚР мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдық мерекесіне орай «Көк тудың желбірегені» атты жаңа жобаны қолға алған.

Аталмыш жоба аясында «Көк тудың желбірегені» әнімен танымал болған, кеше ғана тұсауы кесілген «Оян қазақ!» әнімен көрермен ықыласына бөленген, «Жас Тұлпар» қозғалысының 50 жылдығына орай «Ең үздік патриоттық өлең» номинациясы бойынша «Жас Тұлпар» сыйлығының иегері атанған Ибрагим Ескендір алғашқылардың бірі болып ерекше патриоттық жобаны қолға алып, елді аралауға шыққан.

Ол Алматыға дейін 2 мамырда Қызылорда қаласындағы Асқар Тоқмағанбетов атындағы концерт залында концерт берді. Бүкілреспубликалық концертін Ибрагим Ескендір әдейілеп алғашқы Астанамыз болған Қызылорда қаласынан бастаған. Одан әрі концерт Шымкент, Тараз, Алматы қалаларында өтіп, еліміздің басқа да аймақтарында жалғасын таппақ. Бүгін әнші Жетісу өңірінде, Талдықорған қаласында тыңдарманымен жолығады.

Жыл соңында Алматы мен Астанада өнер сапарын қорытындалап, гала концерт беруді жоспарлаған әнші елдің түкпір-түкпірінде концерт қою барысында тек өнерін паш етіп қана қоймайды, халықтың түрлі әлеуметтік мәселелерімен танысып, елдің жайымен қанығып, партия деңгейінде шешілуіне күш салатын болады.

Айта кетерлігі, әншінің репертуары бірқатар патриоттық әндермен толыққан. Айдың басында Ибрагим Ескендердің «Оян, Қазақ» әні тыңдармандарына жол тартқан еді. «Оян, Қазақ» Қызылорда да алғаш рет шырқалса, Алматыдағы концертте Әншінің репертуары тағы бір патриоттық «Әлемде бар қазақта бір Отан бар» атты әннің тұсауы кесілді.  Ән авторы Ерлан Төлеубайдың айтуынша аталмыш әнге «Елбасы-курстастары» қорының вице президенті Құлан Чуренов пен кеңесшісі Мұхамбеткәрім(Торғай) Елеубайдың қолдауымен клип түсіріледі. 

Сұхбаттасқан: Нұрғали НҰРТАЙ

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір