• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
26 Тамыз, 10:51:02
Қорықшылардың материалдық-техникалық базасы күшейтіледі

19 Мамыр, 2017 Әлеумет

Әйел адам зиратқа жалғыз бармағаны абзал

Хайыз кезінде әйелге зират басына баруына болады деп жазады 

Хайыз кезінде әйелге зират басына баруына болады деп жазады islam.kz. Әрине, тазаланып, ғұсылды болған кезде барған абзал. Дегенмен, аталмыш күйде барып жатса, оның күнәсі жоқ. Тек, Құран оқып бағыштамайды. Өйткені, хайызды әйелге Құран оқуға болмайды. Оның орнына Алладан мархұмға кешірім тілеп, Құранда келген дұға аяттарын тілек ретінде айтуына рұқсат.

Әзіреті Айша (р.а.) Пайғамбарымыздан: (Қабірге барғанда) Не дейін? – деп сұрайды. Сонда Пайғамбар (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «(Қабірге барғанда) «Әссәләму ъаля әһлид дияр минәль мү’минина уәль муслимин! ЯрхамуЛлаһуль мүстәқдимина миннә уәл мүстә’хирин. Уә Инна иншәАллаһу, бикум ләлЛәхиқун.» деп айт» деді. (басқа нұсқасында «әссәлуллаһә ләнә уә ләкум әл-Ъафия» деген жері бар)
Оның мағынасы: Мүмин-мұсылман қабір иелеріне Алланың жарылқауы болсын! Алла Тағала біздің өлілерімізге де, тірілерімізге де рақым етсін. Алла қалаған күні біз де сендердің қатарларыңа қосыламыз. Алладан бізге де, сендерге де жарылқау тілеймін.

Бұнымен қатар, зират басына барушы әйелдің ескеруі тиіс бірқатар әдеп-ережелер бар. Мәселенки, әйел кісі ашық-шашық бармай, шариғат көрсеткендей киініп барғаны дұрыс. Барғанда жалғыз емес, лаж болса қасында туысы не жақын адамы болғаны жақсы. Зират басында шеттен тыс жылау, бақырып-шақыру, құдайға тіл тигізу деген секілді бейберекеттікке жол берілмеуі тиіс. Мархұмның күнәсін кешіруін Алладан сұрап, о дүние жайында, қабір өмірі жайында бір пәс пікір жүгірткені жөн. Және әйел баласы зират басына баруды жиілетпегені абзал.

Бұл айтқанымыз мархұмның жер қойнауына тапсырғаннан кейінгі уақыттарға қатысты. Ал, мәйітті көметін сәтте әйел кісілер қабір басына бармайды. Пайғамбарымыз тыйған. Бұған байланысты сахаба әйел Умму Атия былай дейді:

«Бізге жаназаның соңынан (мәйіттің соңынан қабірге дейін) ілесуге тыйым салынды. Ол нәрсе бізге міндеттелмеді»[2].
[1] Сахих Мүслім: Китабуль Жанаиз – (1619) 974; (1620) 975.
[2] Сахих Мүслім – (1555) 938.

Абдусамат Қасым  

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір