• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 12:38:55
Алматы
+35°

24 Мамыр, 2017 Әлеумет

Мына 4 адамның ұстаған оразасы қабыл болмайды

Биыл қасиетті Рамазан айы 27 мамырда басталады. Адамды сабырлық пен ізгілікке, шыдамдылық пен төзімділікке, жақсылыққа тәрбиелейтін айдың берері мол. 30 күн...

Биыл қасиетті Рамазан айы 27 мамырда басталады. Адамды сабырлық пен ізгілікке, шыдамдылық пен төзімділікке, жақсылыққа тәрбиелейтін айдың берері мол. 30 күн бойы аузын бекітіп, ораза тұтқан әр мұсылман қашан да Алланың назарында жүреді. Дей тұрғанмен, оразаны таңнан қара кешке дейін аш жүру деп ұғатындар да жетерлік. Ораза ұстағанымен, өзін ұстай алмаған адамдардың ниеті де, дұғасы да қабыл болмайды.

Осы орайда «Нұр Астана» мешітінің имамы Дәурен Мүслімов ораза кезінде қандай адамдардың ниеті қабыл болмайтынын айтты.

“Алла қаншалықты ұлық, Рамазан айы қаншалықты қасиетті болса да, мына 4 түрлі адамның тілегі, ниеті қабыл болмайды. Біріншісі ішімдік ішетіндер, екіншісі ата-анасымен байланысын үзгендер, үшіншісі – туысқандарымен байланысты үзгендер, төртінші – біреуге кек сақтап, өш алғысы келетіндер. Бұл адамдардың тілеген тілегі орындалмайды, күнәлары кешірілмейді. Сондықтан да ағайындарыңмен араздасып, араласпай кеткендер болса, кешірім сұраңдар, кешірімді болыңдар. Рамазан айын жақсы іспен бастаңдар”, - деді имам.

Айта кетейік, 2017 жылғы Рамазан айы 26 мамырдан 27-сіне қараған түні басталады. 21 маусымнан 22 маусымға қараған түн – Қадір түні.

Шолушы: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір