• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Шілде, 07:51:00
Путин Зеленскийге барлық тұтқынды алмастыруды ұсынды

14 Шілде, 2017 Әдебиет

Қабірден қатты қорқатын бай өлер алдында өсиет қалдырған

Өлгенде қабірге түсетіндігінен қатты қорыққан бір бай қайтыс боларының алдында былай деп өсиет қалдырыпты: «Кім де кім мен өлгенде қабіріме бір түн қонып...

Өлгенде қабірге түсетіндігінен қатты қорыққан бір бай қайтыс боларының алдында былай деп өсиет қалдырыпты: «Кім де кім мен өлгенде қабіріме бір түн қонып шықса, сол адамға байлығымның тең жартысын қалдырамын!» Айтқандай-ақ көп уақыт өтпей бай қайтыс болыпты. Байды қабірге қоярда оның өсиеті бойынша жақындары қабірге бірге қонып шығатын адам іздестіріпті. Бірақ онымен бірге барып қонуға ел ішінен ешкімнің жүрегі дауаламаса керек. Бұған елдің жүгін тасып күнелтіп жүрген, бір құлаш арқанынан басқа түгі жоқ сіңірі шыққан бір кедей ғана көніпті. Әлгі кедей баймен бірге қабірге түсіп жатады. Кеш бата ел аяғы саябырсығанда екі періште келіпті. Келген періштелер қабірдегі екеуге қарап: «Мына жерде екі адам жатыр екен. Біреуі – өлі, екіншісі – тірі екен. Өлісі қайда қашар дейсің, кел, тірісінен жауап алайық» деп кедей байғұсты бүкіл өмір бойғы істеген тірліктері үшін жауапқа тартса керек. «Мына арқанды қайдан алдың? Онымен не істедің? Қашан, қай жерге не апардың? Бұл өзіңдікі ме, өзгенікі ме?» деген сұрақтарға жауап берумен пақыр-екең таңды әрең атырыпты. Бір ғана арқанға жауап берем деп қиналған кедей байғұстың есі шығып, үсті-басы әбден қара терге малшыныпты. Бір ғана арқанның есебін бере алмай есі шыққан ол ертесі өзін «Байдың жарты байлығына ие болдың!» деп, құттықтай келгендерге: «Ойбай-ау, мен түгім жоқ тақыр кедей бола тұра бір ғана арқанның есебін бере алмай таңды көрер көзбен әрең атырып әбден сілікпем шықты. Сендер маған қалайша сонша байлыққа ие бол дейсіңдер?! Қой, айналайын, ондай байлықтарың бар болсын. Аулақ!» деп азар да безер болып ат-тонын ала қашқан екен.

Жазба Ерлан Жүзеевтің Facebook парақшасынан алынды.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

0 пікір