• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 08:55:06
Алматы
+35°

23 Шілде, 2017 NEWS

Алматыдағы ірі жол апатынан 9 адам зардап шекті

Алматыда Toyota Land Cruiser Prado-мен Hyundai Accent-тің соқтығысуынан 9 адам зардап шекті.

Алматыда Toyota Land Cruiser Prado-мен Hyundai Accent-тің соқтығысуынан 9 адам зардап шекті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып. Оқыс оқиға таңғы сағат 5-6 шамасында болған.

Алғашқы мәлімет бойынша, Toyota Land Cruiser Prado Қабанбай көшесінде бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен. Ол Фурманов көшесімен келе жатқан Hyundai-ға қағып өтеді. Соққыдан Hyundai тұрақтағы Газель көлігіне барып соғылады.  Hyundai  көлігіндегі жолаушылардың бірін алып шығу үшін гидравликалық құралдар пайдалануға тура келді.

Жол апатынан барлығы 9 адам жапа шеккен. Prado көлігінің жүргізушісі өте ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Жол апатының себептерін жол полициясы анықтап жатыр.



"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір