• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 08:59:48
+35°

28 Шілде, 2017 NEWS

Астанада жол ережесін бұзған жаяу жүргіншілер 50,5 млн теңге айыппұл төледі

Жарты жыл ішінде жаяу жүргіншілер 6 мыңнан астам жол жүру ережелерін бұзған

Жарты жыл ішінде жаяу жүргіншілер 6 мыңнан астам жол жүру ережелерін бұзып, оларға 50,4 млн. теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жөнінде Астана ІІД ЖПҚ-інің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Әрбір бесінші жол көлік оқиғасы жая жүргіншілердің кінәсінен болады. 268 жол көлік оқиғасының 54-і немесе 20%-ы жаяу жүргіншілердің жол жүру ережесін сақтамауынан», - дейді баспасөз қызметі.

Астанада биылғы жылдың 4-5 тамыз күндері «Жаяу жүргінші» жедел алдын алу шаралары өткізіледі.

«Рейд шаралары кезінде жолдың қауіпті бөліктерінде жол-патруль қызметтері күшейтіледі, сондай-ақ, жаяу жүргіншілердің өту қауіпсізідігі ережелерін бұзу пен жаяу жүргіншілер жолында жол ережесін бұзушы жүргізушілерге баса назар аударылатын болады», - делінген хабарламада.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір