16 Тамыз, 2017 Әлеумет
Журналистерге қарсы санкция: Ресей тілшісі Украинадан қуылды
Тамара Нерсесьянның айтуынша, ол үш жылға Украинаға кіру құқығынан айырылды.
Ресейлік ВГТРК арнасының корреспонденті Тамара Нерсесьян Украинадан шығарылды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы «Россия 24» телеарнасы хабарлады.
Тамара Нерсесьянның айтуынша, ол үш жылға Украинаға кіру құқығынан айырылды. «Мені көшеде ұстап алып, бірден Украина қаупсіздік қызметінің бас кеңсесіне апарды. Үш сағат бойы сұрақ астына алды. Ұялы телефонымды тартып алды, дөрекілік танытты. Тергеуден соң Украина қауіпсіздік қызметі менің жер аударылғанымды хабарлап, Украина аумағына кіруге тыйым салғандарын айтты», - деді Нерсесьн телеарнаға берген сұхбатында.
Айта кетейік, Украинада ресейлік телераналардың біразына, олардың ішінде Бірінші арна, НТВ, ТВ Центр, «Россия 1», «Россия 24», ТНТ, «Петербург 5», «Звезда», Рен ТВ, "LifeNews", "Russia Today", РБК-ТВ, РТР Планета, Мир 24 арналарына тыйым салынған. Санкция тізіміне ресейлік «Дом кино», «Русский иллюзион», «Усадьба-ТВ», «Домашнин животные», «Вопросы и ответы», «Оружие», «История» телеарналары енді.
Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларына да Украинаға кіруге тыйым салынды: «Комсомольская правда» басылымының бас редакторы Владимир Сунгоркин, ВГТРК арнасының бас директоры Олег Добродеев, «Россия сегодня» халықаралық агенттігінің бас директоры Дмитрий Киселев, ТАСС ақпарат агенттігінің бас директоры Сергей Михайлов, RT телеаранасының бас редакторы Маргарита Смоньян, «Русский репортер» журналының бас редакторы Виталий Лейбину, т.б.
Бұдан бұрын Украинаның Білім министрлігі елдегі 70% мектептің орыс тілінен бас тартып отырғаны хабарланған. Әртүрлі аудандарда орыс тіліндегі арнайы сыныптар жабылып, уақыттың көп бөлігін ағылшын тіліне аудару көзделген. 2014 жылы Украинада орыс тілінің мәртебесі өзгеше болатын. Арнайы орыс тілін оқытатын орталықтар, орыс тіліндегі арнайы мектептер ашылды, орыс тілінде кітаптар басылып шықты, жаңа фильмдер орыс тілінде көрсетіле бастады. Шығыс Украина мен Қырым халқы украин тіліне қарағанда орыс тілін жақсы меңгерген. Оның себебі, барлық құжаттар орыс тілінде жүргізілген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір