• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
22 Қыркүйек, 12:37:36
Кекілбаевқа арналған кеш

21 Тамыз, 2017 Ұлт болмысы

Зина (Әңгіме)

Дүниеде қайда қойса дөп келетін ереже жоқ, барлығын да шындыққа сәйкестіріп өзгерте біл.

 «Ұлт болмысы» журналының «Алаш жолы»

әдеби шығармашылық бәйгесіне

Проза жанры бойынша:

Бүркеншік есім: Халық-Бек

 Алаш арыстарының рухына бағыштаймын!!!

Сенбінің кеші. Аудиторияда Болат жалғыз кітап оқып отыр. Темірдей алты күндік тәртіпке мықтап үйренген студенттер мен мұғалімдер екі жарым күндік демалыс шыққалы бері “енесіне жамыраған қозыдай” апта соңында шуап жан-жаққа қыдыратын әдет тапты. Әр қаладағы ауылдас, тума-таныстарда басында мәре-сәре болысып, қызу құшақ айқастырыса келген қонағын қарсы алып, көл-көсір дастархан жайып екі күн бойы жайылып жастық, иіліп төсек болып күтеді-ай келіп! Соңғы кездерде қалталарының тесіліп өздеріне тамаққа түк таппай қалғанда олар да амалсыз апта соңында басқа жаққа қыдыратын болды. Сосын да олар апта басында баратын жерді алдын ала жоспарлап темір жолдың шәкірттерге бекіткен жарты бағалық билетін алдын ала алатын болды. Осылай бір қаладан бір қалаға жұманың түнінде жетіп, дүйсенбінің таңында сабаққа зорға үлгерді. Тек Болат “болаттай тәртіп – алтындай табысты әкеледі”, – деп өзіне қатаң талап қойып кітапқа бас қойды. Жұма, сенбі, жексенбі күндері университетте жалғыз осы Болат қана қалады. Кезінде мұғалімінің “Абай жолын оқымаған қазақ – қазақ емес” деген сөзінен қатты ұялып, партаның астына кіре жаздаған. Сол кеткен есені қайтаруға шындап кірісті. Төрт томды толықтай оқып шықты. Оқыған сайын ол қыздарға басқаша қарады. Өзіне “пұт” жасап жүрген қазағының ит өмірін, алты бақан алауыздығын оқып бір түрлі жек көрді... Романдағы қолаң шашы иығына төгілген Тоғжан қыздың қылықты бейнесі бала Болатты белгісіз бір иірімдерге тарта бастады...

Абайдың Тоғжанға ғашық болуы, ұзатылар шағында Тоғжан, Абай, Ерболдар қарағайлы сайда түн асырғанда бұлда жандарында болғандай күй кешті...

Салтанат қыздың кербез де сылқым тұлғасына Абайдың ынтық жүрегі, екеуінің оңашадағы әңгімесі Болатты қызықтырды. Машан тауынан үсіп, Найман ауылына келгенде, Тоғжанның күйеуінің үйде болмай, Абайға тесіле қараған Тоғжанның күйініші. Абай мен Ербол Тоғжаннан жоғалтқан жоғын Шүкімәннің әсем әуенінен тауып, құдалықты бұзып Айгерімді тоқалдыққа алуы, романдағы жалпы әйел бітімі, сұлулығы, қыз келбеті бәр-бәрі жас студентті “құры жүрме дегендей” ойға жетеледі... Түнде шолпы сыңғыры Болаттың құлағында сыңғырлады...Оның көкірегін бірдеңе қытықтай бастады...

Қазақтың дара талантты жазушысы Мұхтардың “Кінәмшіл бойжеткенін” енді бастағаны сол тобындағы екі қыз алқына келді.

– Болат сенің болғаның қандай жақсы болды.

– Не болды?

– Көмегің керек, барғанда көресің тез жүрші.

Тездетіп барды, талдың арасында талықсып жатқан өз тобындағы Айманды көрді. Ащы су алыстан бұрқыраған талдырмаш денелі арық қызды арқасына салып көтеріп жатақханаға апарып салды. Келе сала “Кінәмшіл бойжеткенді” ары жалғап оқыды... Алып денелі палуанның шынтақтай қызды... деген жеріне келгенде оқып отырып ауынан жылбырап аққан жылы суды сезбей қалды... Қарадай шекесінен шылқыған тер шықты. Өзі арқалаған Айманға ойы кетіп, төсегінде сол түн тынышы кетті. Түсінде бірде кінәмшіл бойжеткенді көрсе, бірде Айманды көріп аймалады, таң ата басы ауырып бойдан кетіп зорға тұрды. Сол күннен бастап Айманға “қақпан құруға” ниет етті, одан бірдеңе дәметіп жақындай бастады. Жігіттер әдебиетке әуестену жолымен дүниеде өз даңқын шығарғысы келсе, қыздар әдебиетке еліктеп дүниені баурап алғысы келеді.

 

***

“Қожалық” істеп қазақ арасында бала оқытып сіңген Болаттың әкесі түнде түс көрді... Ертемен тұрып баласына хат жазды...

Ақ қағаздың алғашқы бетіне “Зинаға жақындама” деп жалғыз-ақ ауыз сөз жазды. Екінші беттен бастап мыналарды жалғады... Некесіз бөтен қызға “жақындау” – үлкен күнә, еш туыстық қатынасы болмаған қызбен жігіт оңаша бөлмеде қалмауы керек, сол сәтте шайтан малғұн келіп қыздың да, ұлдың да құлағына сыбырлап үлкен күнәға шақырады, бәрін жеңілдетіп көрсетеді. Нәпсісіне қисапсыз күш бітіреді, адам өзін ұстай алмай қалады. Солай “зинаға” деген ең үлкен күнә жасалады. Зина жасаған адам бұл дүниеде үш түрлі, арғы дүниеде үш түрлі азапқа душар болады. Бұл дүниеде ырғыздығы азайып, кедейлікке ұшырайды; бетінің нұры тайып, жүзінен шаңы шығады; өмірі қысқарады. Ал арғы дүниеде олар ең сасық болады; тозақтың ең төменгі қабатында ең ауыр азапта жанады; олардың аузымен артынан жыландар кіріп-шығып шыңғыртады. Балам, сен – менің болашағымсың! Аз сөзді, көп ойланатын, көркем мінезді бол!

Абай атаң Жәдитшілер құрған Ахмет Риза медіресесінен ғылымның барлық түрі бойынша білім алған, 7-ші,17-ші, 19-ші, 31-ші, 32-ші, 43-ші қара сөзін қайта-қайта оқы, онда сені ғылымға шақырады. Абай намаз оқымады дегендер қателеседі, 12-ші, 13-ші, 16-ші, 27-ші, 8-ші, 34-ші, 35-ші, 38-ші, 45-ші қара сөзінің барлығы да оның намазда терең ойға шомып Алланы жүректе зікір еткенінің айғағы. Оны тек намаздағы көкірек көзі ашылған тақуа ғалымдар сезеді. Қалған 30 сөзі қазақ психологиясы мен қоғамындағы кемшіліктер, оның өзін де исламдық құндылықтарды “тез” етіп соған салып түзеуге тырысты. Абайды зерттеу үшін Абай сияқты араб, парсы, түркі тілін және орыс тілін жеттік меңгеру керек, сонымен бірге Құран, сүннет, усул, фиһ, ақида білімдерін жеттік біліп, бойға сіңіріп, жүректің сүзгісінен өзі өткізбей болмас, болмаса жоқ. Алаш арыстары түгелдей Абайды толық танығандар...

Ал роман жазушы қиялдың қанатына мініп аспанда ұшуы, кез келген шығарма дәуірлік түс алмаса тағы болмайды, кер заманда кері кетіп жазылған дүниелер аз емес.

Көркем образда сомдалған басқа Абай, сен оны өлеңдері мен қара сөзінен жүректің көзімен, иманның нұрымен ізде. Алаш рухынан ізде, солардың кітабынан ізде.

Өзінің қазіргі халін білген әке хатына Болат таң қалды...

***

Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мағжан Жұмабаев бастаған Алаш зиялылары Қазан, Орынбор, Омбы, Уфа сияқты қалаларда оқыды. Онда атақты В.В Радлов, Н.И.Ильминский, Г.Н.Потанин, Ш.Маржани, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, С.Гаспаринский сияқты ғұламалар дәріс берді. Олар Алла дінде жасырған математика, химия, физика, жаратылыстану, қоғамтану, жағрапия тағы басқа пәндерді Құранмен хадистен іздеуді ұсынды.

Олар: “Өзінің дінін, тілін, елін білгендер ғана орысша оқыса, ол жақсы. Оны білмегендер орысша оқыса, одан еш қайыр жоқ” деген жолды ұстанды.

Медіреседе үздік оқыған Абай сынды шәкірттер исламды-ғылыми ғақли жолмен жүрек көзімен танып білді. Орташа және төменгі шәкірттер-дінді нақыл жолмен жаттанды уағыз арқылы өзіне сіңірді.

Алаш орданың алыптары алдыңғы жолды ұстанып, “іші Хақпен сырты халықпен болды”. Көргеннен терең ой түйіп, ақылмен, ғылыммен қаруланды.  Олар неге қазақ ел болмайды? Алаш ұлыстары неге сонша артта қалды? Елдік сана, азаматтық борыш Алла алдында парыз деп білді. Күллі нәрсенің жауы надандық екенін шынайы сезінді. Өзі білмейді білгенінің тілін алмайтын өз туыстарына жаны ашыды. “Білім алу жолы мал аяйтын жол емес” “қазақты не қорқытып не паралап баласын білімге бер” деген Абай сөздерін ұстанып ағартушылық жұмыстар жүргізді. Ауыл ауылды аралап елден салық жинап мектеп ашып, кітап жазды, газет-журнал шығарды. Алаштықтар өз армандарына- армен, ғылыммен, жігермен, жастық жалынмен келді. Олар шетінен өз ортасының қара көк тұқымынан шыққан мықты да ауқатты әулеттің адамдары. Олар рухани сұраныстарға жауап іздеген данышпандар, олар материялық қажеттен жоғары тұрған заңғарлар. Сосын да жердегі ит өмірден биік тұрып елдің, алаштық қамын жеді, тек бір Алланың ризалығы үшін тірлік жасап жүректері лүпілдеп соқты... деп Болат оқыған кітаптарын қайталай ой елегінен өткізді, бір жексенбі тыныш жатып өзімен өзі сөйлесті... Соларға тағзым етіп дұға жасады... жылады... Қыдыр (ғ.а) оны таң ата намазға оятты, сол күннен бастап Болат намазын еш қаза жібермей, әр намазында алаштықтарға дұға жасайтын тақуаға айналды, білімі де күннен күнге молайды, сабағында ең үздік студент атанды.... оның рухы мен тәні еш ажырамай заман, мекен, уақыт деген ұғымдар онда болмады, арғы дүниедегі Алаш арыстарымен осы өмірдегідей рухтар тоғысатын бейсенбі, дүйсенбі күндері үнемі бірге болды....

 

***

Болат Мағжанды көрді, “батады ай, батады ай, менде батам...өмір дала сен бір бала...тілін ұқсаң жел жылар”... деген өлеңін ұзақтан ұзақ оқыды... Артынша барлығы намазға тұрды, имамдыққа Шәкірм келді басына сәлдесін орап, оның дәреті бұзылса тезден орнына шығып жамағаттың намазын бұзбауға Абай тура (ауыз ашарда саумал ішкен үлкен молда тарауықта дәретін бұзады, артында сенімді адам тұрмағасын, елді сәждеге жіберіп амалсыз терезеден секіріп кетеді) артында тұрды... Барлығыда араб, парсы, түркі тілдерін жақсы біліп, илаһи Құран ілімдерін меңгерген Абайдың толық адамдары. Сондай бір ішімен(батыни) сырты(заһри) бірдей қазақ даласының таулары (елдің рухани аспанын тіреуде, сосын да бүгінгі ел ел болып тұр), намаздан соң дөңгеленіп отырып хатым жасады. Мың ықылас шариф, мың салауат, мың истағұпр айтып қалқада ұзақ отырды, қалқаны жүргізген Ахмет Байтұрсынұлы болды. Ел үшін, Алаш үшін алақандарын жайып ұзақ-ұзақ дұғада болды. 

Бейсенбі кеште олар тағы жиналып қалқада отырып Құранды толық хатым жасап, соңғы дұғаны Абай жасады. Болат артына қарағанда өзі танымайтын сан мыңдаған тақуа қазақтарды көрді...“Сыртын көріп ішін біл, жүрекпен сезіп тұшын бір” деп Абай өлең оқыды....

Бүгінде қазақтың жауы аз емес деп Әлихан атасы саңқылдап үлкен мінберде ғылыми семинарда баяндама жасады....

Кез келген нәрсенің екі беті болады, пайдалы нәрсенің де зияны, зиянды нәрсенің де пайдасы болды. Біз тікеннен гүлді, гүлден тікенді тануымыз керек. Сол үшін де бастағы екі көзбен емес көкіректегі бес көзбен, тәннің емес жанның қажеті үшін өмір сүріп, жаңға тәнді бағындыруымыз тиіс, сонда ғана мәңгілік ел боламыз. Ғылым Алланың бір есімі біз ғылымның бар сырын аша алсақ, қуатты елге айналамыз. Құран ақиретке дейінгі бізге берген бағдаршам. Ол әр сәт сайын бізге жол нұсқайды, бірақ біз соны түсін алмай, оны түсінетін ғалым-ғұламаларды тыңдамай “рельстен” шыққан от арбаның күйінде жүрміз.

Байтұрсынұлының жазған “оқу кітабын” алып оқыды...

Қара бұлт үйірілді дүйім жұрт қуанды, қаңсыған егінжай су ішсе екен деп дәмеленді. Боран айдаған бойы бұлт барып шалқар теңіздің дәл үстіне жауып кете барды. Барлық нәрсе себеппен жаратылған, себептердің артында Жаратушы тұр, біз тек жай көзбен себептерді көреміз адамдар күнәда, сосын да жаңбыр теңізге жауды деп тоқтайды Ахмет атасы....Мағжанның педагогикасын оқып таң қалды...сіздің қозғаушы күшіңіз ішкі дүниеңізде ме, әлде сыртқы ортада ма деп бастапты бір тараудың басын... сіз шайханадағы сыншысыз ба әлде қоғамдық мінбердегі іскерсіз бе? Қазақтар иек сүйеу психологиясынан қашан арылады? Сол кезде ел болады дейді....Бұдан былай өмірден кілтипан іздемейтін болдыңыз ба? Сіз бір күн өмір сүріп соны мың күн қайталап жүрсіз бе әлде мың күініңіз мың түрлі ме? Дүниеде қайда қойса дөп келетін ереже жоқ, барлығын да шындыққа сәйкестіріп өзгерте біл, егер адамдар барлық істен тек әділдікті көксесе бұл әлем бір сәтке тұра алмайды. Құстың құртты жеуіне, құрттың жапырақты жеуіне, адамның қойды жеуіне рұқсат қалмас еді... Демек әділдік шындықтан қол үзген ұғым... Біз шекті ақылымызбен соншалық ойладық қалғанының сырын тек Алла біледі дегендерін әр беттен теріп оқыды...

Болат кітап болып, кітап Болат болып қос күндік демалысты білмей қалатын болды. Оның кітаптағы кейіпкерлер мен бірге рух әлемінде кездесетінін тек өзі ғана біледі әзірге...

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір