• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 02:22:59
Алматы
+35°

28 Тамыз, 2017 NEWS

Дін туралы жаңа заңда қысқа балақ пен қауға сақалға тыйым салынбайды

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өкілдері сақал мен балақтың ұзындығы дін туралды заңда айтылмайтынын мәлімдеді.

Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өкілдері сақал мен балақтың ұзындығы дін туралы заңда айтылмайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Дін істері комитеті төрағасының міндетін атқарушы Еркін Оңғарбаев айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Айта кететін болсақ, өткен жылы Қазақстанда болған біренеше террорлық актілерге әсіре діншіл радикалдар топтардың қатысы анықталған. Содан соң қоғамда «Ұзын сақал мен қысқа балақ» мәселесі қатты талқыланып кеткен еді. Тіпті, Елбасы Назарбав бұлай жүрудің сауатсыздық екенін айтқан болатын.

Сәуір айында ҚМБД өкілдерімен кездесу барысында «Діни сауатсыздығының нәтижесінде жастарымыз сақал қойып, шалбарының балақтарын қысқартып тастайды. Қара көйлек киіп, беті-аузын тұмшалаған қыздарымыздың қатары көбейді. Бұл біздің дәстүрімізге де, халқымызға да жат. Бұған заңнамалық деңгейде тыйым салу мәселесін пысықтау керек. Қазақ қара киімді қаралы кезде ғана киеді», - деген еді Мемлекет басшысы.

Бүгінгі заңда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы жайлы айтылып отыр. 

«Қазіргі уақытта бұл мәселе қарастылырылып отырған жоқ: қысқа балақ шалбар мен сақал (...) Тәжікстанда мұндай нормалар қабылданған, Синцзян-Ұйғыр автономиялық округінде де бар, осы мәселені реттейтін ережелер мен нормативтік актілер бекітілген. Бүгінде біз мұндай норманы қабылдамаймыз. Себебі қандай жағдай болса да бұл заңды іске асыру үшін заң аясындағы нормативтік актілер қажет. Құзырлы мемлекеттік органдар алдағы уақытта мұндай заңды іске асыру үшін қандай да бір қадамдарды қарастыруы қажет», – деді Оңғарбаев.

Ал осының алдында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өкілдерімен кездесу кезінде қысқа балақ пен ұзын сақалдың біздің дәстүрге сай келмейтінін айтты. Елбасы мұндайға заң жүзінде тыйым салуды ұсынған болатын. 

«Діни сауатсыздығының нәтижесінде жастарымыз сақал қойып, шалбарының балақтарын қысқартып тастайды. Қара көйлек киіп, беті-аузын тұмшалаған қыздарымыздың қатары көбейді. Бұл біздің дәстүрімізге де, халқымызға да жат. Бұған заңнамалық деңгейде тыйым салу мәселесін пысықтау керек. Қазақ қара киімді қаралы кезде ғана киеді», – деген еді Мемлекет басшысы.

Еске салайық, заң жобасының аясында адамның түр-кескінін тануға кедергі болатын киім киюге тыйым салу ұсынылған.

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір