• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 18:32:11
Алматы
+35°

12 Қыркүйек, 2017 NEWS

Ғ. Жүкел Алматы облыс әкімі Баспасөз қызметінің басшысы болып тағайындалды

Ғалымұрат Жүкел Алматы облысы әкімінің Баспасөз қызметінің басшысы-баспасөз хатшысы болып тағайындалды.

Ғалымұрат Жүкел Алматы облысы әкімінің Баспасөз қызметінің басшысы-баспасөз хатшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Айта кететін болсақ, Ғалымурат Жукел 1987 жылы 4 желтоқанда Монғолия халық республикасының астанасы Уланбатор қаласында дүниеге келген.1991 жылы ата-анасымен бірге Қазақстанға қоныс аударған.

Ол 2006 жылы Талдықорған қаласының №1 Абай атындағы мектеп-гимназиясын бітіріп, сол жылы Алматы қаласындағы Шет тілдері және іскерлік карьера университетінің Тарих және дінтану факультетіне қабылданып,  2010 жылы университетті Дінтану мамандығы бойынша тамамдап, еңбек жолын бастаған.

Сонымен бірге әр жылдары «Талдықорған», «Жетісу» газеттерінде тілші, бөлім басшысы қызметтерін атқарып, 2014 жылдың қаңтарында Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы болып тағайындалған.

2016 жылдың қыркүйек айынан бастап Алматы облысының өңірлік коммуникациялары қызметі басшысының орынбасары болып қызмет атақарған. Үйленген, 2 қызы бар.   

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір