28 Қыркүйек, 2017 NEWS
Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райы құбылмалы болады
Бүгін Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі
Бүгін Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі. Оңтүстіктің таулы аймақтарында қатты жауын-шашын болады, тек батыс және оңтүстік батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде желдің күшейюі күтіледі. Солтүстік батыста кей жерлерде тұман болады.
Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с-ға дейін жетеді.
Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды күндіз Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с-ға дейін күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір