• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 06:57:51
Алматы
+12°

04 Қазан, 2017 Әлеумет

«Сіздер үшін тағы не істей аламыз, оқушылар?»

БҰҰ-ның азық-түлік қауіпсіздігі бағдарламасы төрағасының орынбасары Кейко Изуши баланың денсаулығына бүгіннен бастап мән беру керек екенін ескертті.

Қырғызстан мектептеріндегі оқушылардың тамақтану тәртібі қандай?

Қырғызстанда бүгінде 2018 мектеп тіркелген. Мемлекеттік бағдарлама бойынша бастауыш сыныптың 442 мың оқушысы күнделікті ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Жыл сайын осы мақсатта 430 миллион сом жұмсалады.

Мемлекетте мыңдаған бала арнайы стандартқа сәйкес тамақтанады. Мамандар тамақтанбай жүрудің адам денсаулығына зиян екенін жиі қайталап отырады.

Билік бастауыш сынып оқушыларының тамақтануы үшін әр оқушыға күн сайын 7 сомнан бөлген. Тіпті баланың қалыпты түрде бой жетілуін ескеру мақсатында азық-түлік те арнайы таңдалынады.

Осы орайда мемлекет билігі БҰҰ-ның азық-түлік қауіпсіздігі бағдарламасының көмегіне жүгінген. 2013 жылы Қырғызстанда аталмыш бағдарлама жүзеге аса бастады.

Өз кезегінде Қырғызстандағы Жапония елшілігі де мемлекетке қолдау танытты. Елшілік Қырғызстанның Шу және Ыстықкөл облыстарының 16 мектебіне асхана жабдықтарын сыйлады.

БҰҰ-ның азық-түлік қауіпсіздігі бағдарламасы төрағасының орынбасары Кейко Изуши баланың денсаулығына бүгіннен бастап мән беру керек екенін ескертті. Себебі бала – ұлттың болашағы.

«Тұрмыс-жағдайының төмендігіне қарамастан Қырғызстанда әр мектеп оқушысы ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Қарны тоқ баланың оқу үлгерімі де жақсы болады, білімді бала мемлекеті үшін тер төгеді. Бүгінгі оқушылар – ертең мемлекеттің тұтқасын ұстайтын ірі тұлғалар. Оларға қамқор болу – біздің міндетіміз».

Қаржы жетіспеушілігінің кесірінен Құдайбердиев атындағы мектеп ұжымы бастауыш сынып оқушыларының ыстық тамақпен қамтамасыз етілуін өз қаржыларына ұйымдастырған және оқушылардың күнделікті тамақтануын жіті бақылайды. Мәселен, мектепте 21 жыл бойы қызмет атқарып келген шаруа меңгерушісі оқушыларды өз бақшасының жемістерімен тамақтандырады. Ағашты ер адам өз қолымен отырғызған.

Ал биология пәнінің оқытушысы Талантбек Алиев халықаралық донорлар мен жергілікті биліктің көмегімен қиярларды сақтайтын жылыжай салдырды.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір