• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 12:24:51
Алматы
+35°

30 Қараша, 2017 Әдебиет

Өкіндіріп өтеді өмір жалған...

Тұрлауы жоқ баянсыз бес күндіктің, Тұра алмаспыз тұтқасын ұстап біз де.

Өкіндіріп өтеді өмір жалған,
Жалған, жалған, жалғаннан көңіл қалған.
Жетемін деп жүргенде желдей есіп,
Қалады екен қол бұлғап соңыңда арман.

Арман, арман, аңсатқан қайран арман,
Жерде болған... адасып Айға қонған.
Жаңылдырмай жолыңнан қоймас, сірә,
Қу дүние көзіңді байлап алған. 

Жалын атқан жастық шақ, қуаныш-бақ, 
Кетеді екен келмеске тым алыстап.
Ашық күнде адасып кету оңай, 
Алсаң дағы қолыңа шырақ ұстап. 

Қалмау үшін өмірің ұқсап күзге,
Қанағат қыл... қалғыма, ұшпақты ізде.

Тұрлауы жоқ баянсыз бес күндіктің,
Тұра алмаспыз тұтқасын ұстап біз де.

Қалқаман Сарин

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір