• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 11:48:40
Алматы
+35°

05 Желтоқсан, 2017 Әдебиет

Сіңлісінің әпкесіне жасаған үлкен сыйлығы

Дүкенде бір сәт тыныштық орнап, бойжеткеннің көзінен бір тамшы жас ытқып шықты.

Алтын сататын дүкенге бірде кішкентай қыз кіреді. Жасы 6-7 жас шамасында. Кіре сала сөредегі әшекейлерден көз алмайды. Бір мезгілде іздегенін тапқандай алақайлап жібереді. Сосын сатушы жігітке қарап:
— Кешіріңіз, маған аанннаау маржан моншақты әдемі қорапқа салып бересіз бе?-дейді.
Сатушы балақайға күмәнмен қарап:
— Қанша ақшаң бар? Ақшаң бар ма өзі? Бұл анау-мынау емес, 200.000 тұрады...
Қыз бала жалма-жан қалтасынан түйіншектелген орамалды алып, ішінен тиынын санай бастайды.
— Мынау жетіп қалар, иә? Білесіз бе, бүгін әпкемнің туған күні еді. Анамыз көз жұмғалы бесеумізді бағып жүр. Себебі әкем бесеумізді анам қайтқасын тастап, басқа апайға кетіп қалған еді. Содан бері әпкем күні-түні жұмыс істеп бізді қарап жүр. Ақшасы ылғи өзіне жетпей қалады. Сондықтан бүгін оны қуантқым келеді. Мынау бар жиған ақшам. Оған осы қоңыр моншақ әдемі көздеріне керемет жарасар еді,-деп сүйкімді қыз бір уыс тиынын жігіттің алақанына ұстата салады.
Сатушы жігіт ойланып тұрды да, сосын моншақты алып әдемі қорапшаға салып, сыртын бантикпен әдемілеп орап береді.
— Мә!-деп балақайға қорапты ұстатады, — Тек сақ бол! Қолыңнан түсіріп алма!
Қуанған қыз сыйлықты алып құлдыраңдап үйіне қарай жүгіреді.
Жұмыс уақыты аяқталарда дүкенге 18 жас шамасынадағы бойжеткен кіреді.
— Мм, кешіріңіз, мына моншақ осы жерден сатып алынған ба?-дейді қорапты көрсетіп.
Дүкен иесі бірден түсіне қояды.
— Иә.
— Менің дүкендегі заттардың бағасы-ол клиентімізбен арадағы құпия. Ол құпияны айта алмаймын.
— Бірақ менің сіңілімде 200-ақ теңге болатын. Ал мына моншақ-таза маржан, бағасының қымбат екенін білемін. Мен бір жыл жұмыс істесем де төлей алмайтын шығармын...
Дүкен иесі қорапты алып, бантигін қайта әдемілеп, бойжеткеннің қолына ұстатады:
— Сіздің сіңліңіз үлкен адам істей алмайтынды істеді, сөйтіп моншақты ең қымбат бағаға алды. Себебі ол өзінде бардың бәрін берді... Дүкенде бір сәт тыныштық орнап, бойжеткеннің көзінен бір тамшы жас ытқып шықты. 
Ал дүкен иесі, яғни жігіт бойжеткеннің сұлулығына сүйсіне қарап тұрды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір