10 Желтоқсан, 2017 Ұлы көш
Бүгін - Нұрсұлтан Назарбаев Тұңғыш Президент ретінде ант қабылдаған күн
Мемлекет басшысының иығына шапан жабылды
1991 жылдың 10 желтоқсанында Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауын өзгерту туралы» Заң қабылдады. Аталған құжатқа сәйкес жаңа құрылған тәуелсіз мемлекет Қазақстан Республикасы деп аталды. Дәл осы күні содан оншақты күн бұрын ғана өткен сайлауда халықтың 98,8 пайыз дауысына ие болған Нұрсұлтан Назарбаевты Мемлекет басшысы ретінде ұлықтау рәсімі өтті.
Салтанатты шара сол кездегі еліміздің елордасы Алматы қаласындағы Республика сарайында ұйымдастырылды. Қазақстан Президенті ант беретін мінбенің астына ешкімнің аяғы тимеген, ешкім баспаған ақ кілем төселді.
Мемлекет басшысының иығына шапан жабылды. Сол тұста жасы 90-нан асқан халық ақыны Шәкір Әбенов бата беріп, халқымыздың көрнекті қаламгері, қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев тілек айтты.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір