• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 03:42:14
Алматы
+35°

05 Қаңтар, 2018 Кәсіпкер

Шариғат заңдарын ойыншық қылып, адасқан ерлер (видео)

ҚР азаматтық қоғам және дін істері жөніндегі министрліктің Фейсбуктегі парақшасы заңды некенің маңызы турасында әлеуметтік ролик жариялады.

ҚР азаматтық қоғам және дін істері жөніндегі министрліктің Фейсбуктегі парақшасы заңды некенің маңызы турасында әлеуметтік ролик жариялады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Онда шариғат шарты бойынша неке қиған ерлі-зайыптылардың өмірі, діни ағымдарға кіріп, түбі адасқан отағасының әрекеті көрсетілген.

Қазақстандық жастар арасында шариғат дәстүрі бойынша қиылған некелер саны көбейіп келеді. Шариғаттың кейбір ережелерінің зайырлы ғұрыптардан түбегейлі айырмашылығы бар. Мысалы, тойға дейін кездесуге болмайды, ал үйленуге тек ата-аналардың немесе қамқоршылардың келісімімен ғана болады. Діни сауатсыздық пен моральдық-адамгершілік қағидалардың әлсіздігі салдарынан кейбір мұсылмандар шариғатты өзінің пайдасына қарай қолдана бастайды. Осылайша заңмен қорғалмаған осы сынды некелерде әйелдер өздерінің конституциялық құқықтарын қорғай алмай жатады.

«Қазіргі уақытта қоғамда шариғаттың шарттарын ойыншық қылып, жас қыздарды алдап, өз нәпсісінің қалауын орындау үшін білгенін істеп жүрген деструктивтік діни ағымдарға ерген азаматтар бар екені рас. Оны күнделікті оқып, естіп жүрміз. Жас қыздарымыздың осындай жігіттердің айтқанына жүріп, айдағанына көніп, ақыры ешкімге керек болмай далада қалуы ойланарлық жайт», - делінген видеороликтің хабарламасында.  

Gulim Zhaqan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір