• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
15 Қазан, 22:03:07
Сайлау қарсаңында "жоғалып кеткен" актер Шри-Ланкадан сәлем жолдады (видео)

15 Қаңтар, 2018 Мемлекеттік бағдарламалар

ҚР Ұлттық кітапханасының қызметкерлері Елбасы Жолдауын талқылады

Жолдауда аталған міндеттерді жан-жақты талқылады.

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев  2018 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын жариялады.

Осы орайда ҚР Ұлттық кітапханасының басшылығы мен қызметкерлері Елбасының жолдауын қызу талқылап, үлкен қолдау көрсетуде. Жұмыс күнін Президент Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауымен танысудан бастаған кітапхана ұжымы Жолдауда аталған міндеттерді жан-жақты талқылады. Президент өз Жолдауында ел дамуының 10 негізгі міндетін нақты көрсетті.

ҚР Ұлттық кітапханасының басшысы Ж.Т.Сейдуманов Елбасы жолдауына қолдау білдіре отырып, Жолдаудың «Адами капитал – жаңғыру негізі» жетінші тармағына ерекше тоқталып өтті.

Адами капиталдың жаңғыруы кітапхана ісімен тікелей байланысты. Өйткені, кітапханалардың басты мақсаты - сапалы адами капиталды арттыруға ықпал ету, жоғары білімді, жан-жақты ұрпақ қалыптастыруға үлес қосу. Осы орайда, Ұлттық кітапхананың басты міндеттерінің бірі –тұрғындардың оқуға құштарлығын арттыру арқылы мемлекетімізде кітап оқудың беделін көтеру, жас ұрпақты оқуға тарту және төлтума мәдениетімізді сақтап қалу. Жолдауда айтылған адами капитал сапасын нығайту және ұлттың рухани, интеллектуалды серпілісінің қажетті құралы ретінде халықты оқуға тартуға, ғылыми-техникалық, ғылыми-танымдық әдебиеттерді ұсынуға, олардың заманауи білім алуына барлық мүмкіндіктерді жасауға тиіспіз. Осы арқылы қазіргі жастарды өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай – ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар адами капиталын қалыптастырған  біздің қоғамымыздың идеалына айналдыруға міндеттіміз, - деді Ұлттық кітапхананың директоры Ж.Т.Сейдуманов.

Сонымен қатар ҚР Ұлттық кітапханасының жастарынан құралған Жастар кеңесі кең ауқымды талқылау жасап, жолдаудың маңызы мен оның ерекшеліктеріне тоқталып, жеке ой-пікірлерін ортаға салды.

«Біз Елбасының Қазақстан халқына Жолдауымен таныстық. Енді көрсетілген 10 бағыт-бағдар бойынша жұмыс істеп, күш саламыз. Оның ішінде жаңа технологияларды дамытуға үлес қосу үшін кітапхана ісінде онлайн қызмет көрсету мен электронды басылымдарға басымдық беруді жалғастыратын боламыз», - деп «Жастар кеңесінің» төрайымы Айкенже Жақсылыққызы талқылауды қортындылады.

Елбасының Қазақстан халқына кезекті Жолдауы маңызды тарихи құжат. Ол біздің болашағымыз, мемлекетіміздің жарқын болашағы. Ұлттық кітапхана мамандары Жолдауды қолдай отырып, оны жүзеге асыруға әрбір кітапханашы өз еңбегімен, өз қызметімен өз үлесін қосатындарына үлкен сенім білдірді.

ҚР Ұлттық кітапханасының Баспасөз хатшысы Ақбота Мұсабекқызы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір