• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:14:02
Алматы
+35°

22 Қаңтар, 2018 Car News

Қазақстанға Toyota Camry 70 келеді

XV70 индексімен келетін танымал седанның рөліне қазақстандықтар жыл соңына дейін отырып қалуы әбден мүмкін

Toyota Camry седанының соңғы буыны болып саналатын XV70 моделі былтыр маусым айында таныстырылған еді. Жаңа Camry ТМД мемлекеттеріне 2018 жылдың соңында келмекші. Бұл туралы Kolesa.kz жазады.

Тойота

XV70 индексімен келетін танымал седанның рөліне қазақстандықтар жыл соңына дейін отырып қалуы әбден мүмкін. Әзірге оның датасы және көліктің бағасы туралы нақты ақпарат айтылған жоқ.

Тойота

Белгілісі – жаңа Camry Ресейдің Санкт-Петербург қаласында құрастырылып, ТМД елдеріне сатылады.

Тойота

Көлемі 2,5 литрлік қозғалтыштың екі түрі ұсынылады екен. Оның бірі 206, екіншісі 305 ат күшімен есептелетін V6 қуатты қозғалтқышы болмақ. Беріліс қорабы біреу ғана – сегіз қадамды автомат.

Тойота

Жаңа Camry көлігінің Алматы көшелерінде жүрген суреті интернетте жарияланған болатын, алайда Toyota компаниясының өкілдері ол туралы ешқандай пікір білдіре алмайтындарын мәлімдеген.

Тойота

Тойота

Дарын Нұрсапар

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір