• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:28:44
Алматы
+35°

16 Ақпан, 2018 Ұлы көш

«Қиырдағы қазақтар» деректі фильмі — толық нұсқа (видео)

«Қиырдағы қазақтар» деректі фильмдер топтамасының Моңғолия қазақтарына арналған бөлімі көптің көңілінен шықты.

Бүгін Астанада шетелдегі этникалық қазақтарының тарихы мен бүгінгі әлеуметтік тұрмысын баяндайтын «Қиырдағы қазақтар» деректі фильмінің тұсаукесері өтті, деп жазады Qamshy.kz тілшісі. Бұл 8 бөлім болады деп жоспарланған алыс-жақын шетелдерде өмір сүретін қазақтар туралы фильмнің алғашқы сериясы.

Әр бөлімі 40 минуттан жасалатын аталған жобаны ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі 2017 жылы шілдеде жоспарлап, жүзеге асырды. Деректі фильм ұлттық сана мен төл тарихты жаңғырту, алыс-жақын шетелдерде тұрып жатқан қазақтардың шынайы өмірін көрсету мақсатында түсірілген. Фильмге кәсіпкер Оралбек Ботбай демеушілік еткен.  Жоспар бойынша фильм ағылшын тіліне аударылады.

Түсірілім тобы өте ауқымды жұмыстарды атқарған. Ресейдің Астрахань, Моңғолияның Ұланбатыр қаласын, Өзбекстан астанасы Ташкенттегі Кенимех ауданына дейінгі және Тәжікстанның Худжанд қаласына дейінгі жерді, бас аяғы он мыңдаған шақырым жолды басып өткен. Ғажайып тарихи орындарды көзімен көріп, ерекше тағдыр иелерін таспаға түсірген.

Астанада тұсаукесері өткен «Қиырдағы қазақтар» деректі фильмдер топтамасының Моңғолия қазақтарына арналған бөлімі көптің көңілінен шықты. Туындыда Ұланбатыр қаласы мен оған жақын орналасқан Налайхан ауданында ғұмыр кешіп жатқан этникалық қазақтардың бүгінгі тіршілігі көрсетіледі. Деректі фильмді түсіру барысында ҚР СІМ бірлесе отырып, жоғарыда жазылған елдердегі ҚР елшіліктерімен бірлескен жұмыс атқарылған.

«Бұл - Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында қолға алынған жоба. Ең бастысы, бұл жобаны тек қана бастама деп есептейміз. Шетелде 5 миллионға жуық қазақтың тұрып жатқаны бізге белгілі. Сондықтан, оларға біз ерекше назармен қараймыз. Екінші жағынан Елбасы айтқандай, оларға Қазақстанның әрқашан есігі ашық. 25 жылдың ішінде 1 миллионға жуық қандастарымыз елге келді. Деректі фильмді демеушілік еткен Оралбек Ботбай мырзаға, «Қазконтент» басқармасының төрағасы Евгений Кочетов мырзаға зор алғысымды айтқым келеді. Қаны қазақ болмаса да, заты қазақ (Кочетов туралы - авт.). Осындай жобаны өзі (Евгений Кочетов - авт.) ұсынды», - деді фильмнің тұсаукесерінде ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев.

Маңызды іс-шара қандастардың тарихи отанынан бейімделу мәселеріне тағы бір назар аударуға және тарихи отанынан тыс өмір сүріп жатқан этникалық қазақтардың мәселелерін көтеруге жол ашады.

 

Аталған жоба Дүние жүзі қазақтары қауымдастығының 25 жылдығына арналып отыр. Деректі фильмнің мақсаты – Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында ұлттық санамызды жаңғырту және төл тарихымызға тың серпіліс әкелу. Алыс-жақын шет елдердегі қазақтарды отанымызға оралуға насихаттау.

Nurgali Nurtay

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір