• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
16 Шілде, 10:42:23
Тоқаев Қорғаныс министріне қатаң сөгіс жариялады

19 Ақпан, 2018 Алаш-Орда

«Алаш идеясын насихаттау — Мағжан Жұмабайұлы жайлы кітап жазу емес»

Алашорданың құрылғанына  100 жыл толуына орай Qamshy.kz игі жақсылардың басын қосып, «Алаш арыстарының 100 ізбасарын» марапаттады

2017 жылы 25 желтоқсанда Алашорданың құрылғанына  100 жыл толуына орай Qamshy.kz ақпарат агенттігі  игі жақсылардың басын қосып, «Алаш арыстарының 100 ізбасарын» марапаттаған болатын.

— Бірнеше ай жүргізілген сауалнама нәтижесінде халық сізді «Алаш ізбасары» атағына лайық деп тапты. Қазір «Алаш ізбасары» медалін қолыңызға алдыңыз. Енді өз ішкі сезіміңізбен бөліссеңіз.

— Медальдың атын естігенде соған лайық емеспін-ау деп ұялдым. Бірақ келгенше өзімді бір нәрсемен жұбаттым. Мен Алаштың ізбасары болсам тек арманының ізбасары шығармын. Нақты олардың істеген еңбектерінің, олардың көздеген мақсаттарының ізбасары болып, сол жаққа қарай ұмтылуға нақтылы қадам жасамағаннан кейін өзің іштей ұяласың.

Алаш идеясы қазақпен бірге жасамақ. Алаш идеясы өлген күні, қазақ ұлтының жойылған күні болады. Ол даусыз. Сол жағынан алып қарағанда арманы ортақ деп берген шығар. Өзімді Алаштың ізбасары деп айтуға лайықтымын, осыған саймын деп айтуға оған аса...

— Дегенмен де халық сізді лайық деп тапты. Алаш идеясын ұрпаққа жеткізу мақсатында қандай іс атқармақсыз?

— Біз бір нәрсені ескеріп алуымыз керек. Алаш идеясын насихаттау — Ахмет Байтұрсынұлы туралы айту, Мағжан Жұмабайұлы жайлы кітап жазу емес. Ол қазіргі қазақтың кем-кетігін түзеп, ертеңгі болашаққа бара жатқан қазақ осы қалпында өзінің мәртебелі тұлғасымен, болмысымен, салт-дәстүрімен, тілімен  аман-есен жетуге ат салысуы. Нақытылы қадам да сол. Жаңа ғана ағаларыма да айтып өттім, ең басты мәселе – тіл мәселесі, сосын қазақтың мемлекеттегі ұлттық статусы.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

1 пікір

наиман 19 Ақпан, 2018

ер ринат баурым