• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 20:49:29
Алматы
+35°

20 Наурыз, 2018 Алаш-Орда

«Түркі елдері жастарының үлкен құрылтайы» 2019 жылы өтеді

Сондай-ақ, Елбасы тапсырмасымен 2019 жыл Қазақстанда «Жастар жылы» болып жарияланды.

Осыған дейін әр жылдары «Қазақ хандығына 550 жыл», «Қазақ дауысы», «Көш және Көшбасшы», «Алашорда-100 жыл» іс-шараларын өткізген «Қамшы» ақпарат агенттігі биыл да бірнеше шараны қолға алуды жоспарлаған. Оның ішінде ең маңыздысы – «Түркі елдері жастарының үлкен құрылтайы» еді. Бұл шара түгел түркінің аспанына ортақ «Поэзия жұлдызы» Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына арналып,  Түркі елдерінің болашағы талқыланатын болған. Құрылтайда талқыланатын негізгі тақырыптарда белгіленген. Олар:

  1. Ортақ тарих. Түркі елдері мектептеріне ортақ «Түркі тарихы» пәнін оқыту мәселесі.
  2. Ортақ әліпби. Латын графикасы негізінде ортақ жазу үлгісін қалыптастыру.
  3. Ортақ әлеуметтік желі. Facebook, Instagram, telegram, Whatsap сияқты түркі елдеріне ортақ әлеуметтік хабар алмасу құралын жасау.
  4. Ортақ техникалық прогресс. Түркі елдерінде болып жатқан техникалық жетістіктерді ортақ пайдалану, дамыту жолдары.
  5. Ортақ экономикалық кеңістік. Түркі елдеріне ортақ кәсіпкерлік байланыс, экономикалық еркін сауда жүйесін құру мүмкіндіктерін қарастыру.
  6. Ортақ ақпараттық агенттік. Түркі халықтарына ортақ ақпараттық алаң жасау. Негізгі басымдық интернет кеңістігінде ақпараттық агенттік құруға беріледі.
  7. Ортақ болашақ. Түркі мемлекеттерінің ертеңі, даму биігі, ықпалдастық мүмкіндіктері, ортақ қорғаныс мәселелері.

Дегенмен қаржылық қиындықтарға байланысты бұл игі шараны өткізу 2019 жылдың еншісінде қалып отыр. Сондай-ақ, Елбасы тапсырмасымен 2019 жыл Қазақстанда «Жастар жылы» болып жарияланды. Сондықтанда дайындықты тиянақты жасап, нақты нәтижелерге қол жеткізу үшін мән-маңызы үлкен құрылтайды биылғы жылдың күнтізбесінен алып тастап отырмыз. Бірақ  көздеген мақсат пен мұрат-мүдде еш өзгермек емес. Қатысу шарттары да көп өзгеріске түспейді. 


Түркі елдері жастарының үлкен құрылтайына қатысу шарттары:

  1. Құрылтайға қатысушылардың жас шектемесі 25-35 жас арасы.
  2. Құрылтайға қатысушы өз ана тілін жетік білуі тиіс. 
  3. Тілек білдіруші білім саласының қызметкері, IT маманы, саясаткер, журналист, кәсіпкер талаптарына сай келуі керек. 
  4. Жоғарыдағы талаптан тыс өз еркімен құрылтайға қатыспақ болғандарға шектеу қойылмайды. Өз шығынын өзі көтереді.
  5. Қатысушының 3 күндік қонақ-үйі, трансфері және өзі тұрған елден-келіп кету қаражаты құрылтайды ұйымдастырушы тарапынан төленеді.
  6. Құрылтай шарты әлеуметтік желіде жарияланады. Қатысушы өзінің қатысатыны туралы комментте жазуы тиіс.Әрі өзінің профилі жалпыға қолжетімді болуы керек.
  7. Одан соң қатысушы өзі туралы түйіндемені, құрылтай тақырыбына қатысты баяндама өзегін бүгіннен бастап, [email protected]  поштасына  жіберуі тиіс. 
  8. Құрылтайға қатысуға жіберілген өтінімдерді арнайы комиссия іріктеп, делегация мүшелерін 22 наурызға(22.03.2019) дейін бекітеді.

Құлаққағыс: «Қамшы» ақпарат агенттігі осыған дейінгі әрбір іс-шараны өз қаражатымен және жекелеген мемлекетшіл азаматтардың қолдауымен өткізіп келеді. Басты мақсат – билік тарапынан, мемлекет тарапынан жасалып жатқан оңды қадамдарға қолдау таныту, кемшін түсіп жатқан тұстарға азаматтық тұрғыдан атсалысу.  «Түркі елдері жастарының үлкен құрылтайы да» сол дәстүрімізбен «Қамшының» қаражатымен қолға алынып отыр. Егер осы шарамызға қолдау көрсетіп, серіктестік танытамыз деген ұйымдар мен азаматтар болып жатса, тек қуанамыз.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір