• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
19 Шілде, 08:22:30
Путин Зеленскийге барлық тұтқынды алмастыруды ұсынды

20 Наурыз, 2018 NEWS

Өлмес бұрын 55 мың теңгеңізді дайындап кетіңіз

Алматыда марқұмды жерлеуге келген қаралы топ мәйітті жер қойнына тапсыра алмай қорымнан кері қайтты.

Алматыда марқұмды жерлеуге келген қаралы топ мәйітті жер қойнына тапсыра алмай қорымнан кері қайтты. Себебі, зиратқа иелік еткендер әдеттегіден қомақты қаржы талап етіп, марқұмды жерлеуге рұқсат бермей қойған екен. Ал, амалы таусылғандар мәйітті қайтадан үйлеріне алып кеткендеп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасы дерегін негізге ала отырып. 

Қайғыдан қан жұтқандардың айтуынша, тендер арқалы қорымға иелік еткен компания 55 мың теңге ақша сұрапты. Сонда ғана аталарыңды ақтық сапарға алаңсыз шығарып саласыңдар деген. Бірақ, қаралы отбасының ондай қаржы тауып беруге шамасы жоқ дегендер, мұсылмандыққа жат қылық жасағандарға қолданар шара жоқ дейді. Себебі, бұған дейін қорымға төленетін қаржы 10 мың теңгеден аспаған екен. Ал, қорым иесі мен қаралы топ арасында дәнекер болуға тырысқан аудандық атқамінерлер, ақыр соңында жауаптан жалтарып кетті.

— Біздің мұсылманшылық жолда қазып берсе қалғанын туысқандар өздері кіргізіп қояды ғой ішіне, сосын ағайындар ішіне топырақ салады.  Бұл кісілер 55 мыңды бостан босқа алып отыр ғой. Сонда жағдайы жоқ адам қабірдің ішіне жата алмайтын болып тұр ғой, дейді марқұмның туысқаны Рысбек Тоқтасынұлы.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

3 пікір

өнер 21 Наурыз, 2018

ұрысұлтан кедей қазаққа бір метр жерді де қимады ма малғұн.

Туыс 26 Наурыз, 2018

Қазақтың ұлан-ғайыр жерінен өзіне көр болатын 2 м жер табылмады деген екі дүниенің сұмдығы. Бұл сорақылық тойымсыз шенділердің тірлігі, қай атасының басына қорымдағы жерді саудалап, бизнес жасап отыр, ол жерге иелікті қаңғыған, ақшаны мол беретін келімсекке беріп қойғанын қайтерсің?! Сол жердің әкімін қылмыстық жазаға тарту керек!

Медетова 30 Наурыз, 2018

Ертен озиннин не болатынын ойлапты ма. О дуниелик болганда озине де 2 метр жер табылады ма екен ол адамга.