• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 23:05:35
+35°

21 Наурыз, 2018 Ұлы көш

22 наурызда «Қызай ана» қоғамдық қоры Наурыз тойын өткізеді

"Қызай ана" қоғамдық қорының атынан барша Алаш жұртын мерекелік дастарxанның қонағы болуға шақырамыз!

22 наурыз күні «Қызай ана» қоғамдық қоры Алматы облысы, Талғар ауданы, Өстемір ауылындағы Қызай ана көшесінің бойында жылдағы дәстүр бойынша кең дастарxан жайып, жыл басы Наурыз мерекесін өткізеді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Биыл "Қызай ана" қоғамдық қоры Таңжарық Жолдыұлының 115 жылдығына арналған "Әйгілі алты Алашқа жазған xатым" атты жыр мүшәйрасын өткізген. Осы күнгі мерекеде аталған мүшәйраның жеңімпаздары марапатталып, оқушылар арасында спорттық жарыстар өтеді.

"Қызай ана" қоғамдық қоры мен құрылтайшылары атынан отбасында қиыншылығы бар, сабақты үздік оқитын студенттер мен оқушыларға арнайы степендия тағайындалады. Жиналған қауымға мерекелік дастарxан жайылып, ҚР өнер жұлдыздарының қатысуымен концерттік бағдарлама қойылады. 2018 жылғы Наурыз мерекесін өткізуді Мұқатай Әбдолла, Миятбек Дәукенұлы, Бақытжан Нұрдынұлы, Бақашар Раxымұлы, Төлепберген қатарлы азаматтар қолға алған.

Осы орайда аталған азаматтар мен "Қызай ана" қоғамдық қорының атынан барша Алаш жұртын, зиялы қауым өкілдерін, мерекелік дастарxанның қонағы болуға шақырамыз!

Айта кетсек, "Қызай ана" қоры ұйымдастырған Наурыз мерекесі Өстемір ауылында 7- рет өтейін деп тұр. Бұған дейін ауыл тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлаумен қатар көшелерін жасап, ауылдың инфрақұрлымын дамытуға бірқатар жұмыстар атқарды. Осы жылы Елбасының "Туған жерге туыңды тік" бағдарламасы аясында Өстемір ауылында "Қызай ана" саябағын салу жоспарланған. Осыған орай мерекеге қатысып, алдағы шаралаларға қолдан келген көмектеріңізді көрсетуге шақырамыз! 
Басталуы: 22 наурыз 11:00

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір