• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:45:32
Алматы
+35°

25 Наурыз, 2018 NEWS

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жауын-шашын түсіп...

Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Жауын-шашын түсіп, кей жерлерде нөсер жауын жауады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды. Тек оңтүстік және оңтүстік-шығыста аспан ашық болады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Елдің оңтүстік бөлігінде кей жерлерде найзағай ойнайды.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетіп,  бұрқасын  соғады. Атырау, түнде Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Ақтөбе,  Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с-ға жетеді. Қарағанды,  Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Жамбыл облысында желдің күшеюі кей жерлерде 15-20, екпіні 23-28 м/с болмақ.  Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында түнде кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с; Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі. Маңғыстау, түнде Алматы облыстарында кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с-ға жетеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір