• USD 468.98

  • EUR 493.74

  • RUB 7.59

  • CNY 66.79

02 Желтоқсан, 23:34:54
Алматы
-6°

26 Наурыз, 2018 Әлеумет

Қазақстанда 400 мыңнан аса жалғызбасты ана бар (видео)

Көптеген ер-азаматтар ажырасқаннан кейін өзінің жұмыс орнын жасырады.

Жалғызбасты аналардың жағдайы қалай? Әйелдерге арналған «Ажыраспа» блогының авторы Айна Досқызы осы сауалға жауап берді, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

«Біздің қоғамдағы жалғызбасты аналардың жағдайы ауыр. Мемлекет тарапынан қолдау қарастырылмаған. Бұдан бөлек, көптеген ер-азаматтар ажырасқаннан кейін өзінің жұмыс орнын жасырады. Ресми жалақысын көрсетпейді», – дейді ол.

Айтуынша, мұның бәрі – өз балаларына алимент төлемеудің жолы. 

«Қазақстанда 400 мыңнан аса жалғызбасты ана бар. Бұл – біздің қоғамдағы аса өзекті мәселенің бірі», – дейді Айна Досқызы.

Айта кетелік, қазір елімізде «Әйелді аяла» акциясы өтуде. Шараның мақсаты – қоғамдағы нәзік жанды қауымның беделін көтеру, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қазақ әйелінің қазіргі ортадағы проблемаларын ашық айту.

«Әйелді аяла» акциясына Дана Нұржігіт, Ләйлә Сұлтанқызы, Бақыт Шадаева, Айна Досмұхамедқызы сияқты танымал тұлғалар атсалысып жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір