• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
22 Қыркүйек, 21:00:48
Кекілбаевқа арналған кеш

29 Наурыз, 2018 Шаруашылық

Бақытжан Сағынтаев ОҚО ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесті

Кездесу барысында ауыл шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев ОҚО-ға жұмыс сапары аясында «Сарыағаш жер сыйы» көшеттерді өсіру тәлімбағын аралағаннан кейін АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасы мен президенттің «Шағын несие беруді көбейту» төртінші әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесті.

Кездесу барысында ауыл шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, экспорттық әлеует, субсидиялау, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге инвестициялар тарту, АӨК-ті технологиялық жаңғырту, етті мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығын дамыту мәселелері қаралды.

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені перспективалық болашаққа ие екенін атап өтті. Еліміз көптеген позициялар бойынша әлемдегі аграрлық экспорттық өнімдер шығаратын ірі өндірушілердің бірі бола алады. Осы мақсатта Үкімет барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр: АӨК дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда; ветеринариялық қызметтің бағыныштылығын қалпына келтіруді, бизнестің ғылыми зерттеулерге қатысуын ынталандыруды, өнім дайындау ұйымдарын субсидиялауды қарастыратын заң жобасы ұсынылды; экспортқа бағдарланған кәсіпорындардың пайдасы үшін субсидиялау саясаты қайта қаралып жатыр.

Президенттің «Шағын несие беруді көбейту» атты төртінші әлеуметтік бастамасы аясында аграрлық қызметкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер ашылып жатыр. Шағын несие беруді қаржыландыруға 20 млрд теңге бағытталды. Бұл өз бизнесін бастауды көздеп жүрген азаматтарға ұсынылатын үлкен қолдау болады.

Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі А. Евниев Президенттің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы мен Мемлекет басшысының «Шағын несие беруді көбейту» төртінші әлеуметтік бастамасын іске асыру барысы мен фермерлердің мүмкіндіктері туралы баяндады.

Сондай-ақ, талқылау барысында «Ордабасы құс» ЖШС директоры М. Тағаев, «Сарыағаш жер сыйы» ЖШС директоры Т. Шыңтасов, «Нұралы жол» шаруа қожалығының төрағасы Е. Ералиев, Жылыжайлар қауымдастығының төрағасы М. Снабаев пікір білдірді.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір