• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 18:31:12
Алматы
+35°

06 Сәуір, 2018 NEWS

Оқушылар жер сілкінісі кезінде ғимараттан шыға алмады (фото)

Сынып жетекшілері оқушыларын түгендеген кезде 9-сыныптың екі оқушысын жоғалғандығы туралы  мектептің АҚ бастығына хабарлады.

Кемерово қаласындағы соңғы жаңалықтарға байланысты, Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрі генерал-полковник Қ.Н. Қасымов адамдар көп шоғырланатын нысандарда қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру бойынша  балаларға білім беруге ерекше назар аудара отырып, кең ауқымды оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Жер сілкінісі мен өрт кезінде басты элементтердің бірі дұрыс эвакуация болып табылады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР ІІМ ТЖК Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ғимарат

         Бүгін Алматы қаласының Бостандық ауданындағы №94 мектеп- гимназиясының аумағында жер сілкінісі болған жағдайда басшылық құрамының оқушыларды ғимараттан қауіпсіз жерге қалай дұрыс  алып шығуға болатындығы туралы жер сілкінісіне бағытталған сейсмикалық жаттығу  жүргізілді.

         Жаттығуға Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің, ТЖ аудандық бөлімінің қызметкерлері, қаланың «109» құтқару қызметі, сондай-ақ, мектеп директорлары, мектепке дейінгі мекемелердің меңгерушілері және Бостандық ауданы білім бөлімінің басшысы қатысты.

        Жаттығу екі кезеңде өтті: теориялық – қатысушылар жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер алгоритмі туралы ақпараттармен (эвакуация жолдары) таныстырылып, сейсмикалық жаттығуларды жоспарлау және жүргізу бойынша әдістемелік ұсыныстарға, сонымен қатар, балабақшаларда және жалпы білім беретін мектептерде өрт қауіпсіздігінің талаптарының сақталуы бойынша  түсініктеме берілді.

Мектеп

         ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына оқуға түсу бойынша үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. 

         Бірінші кезеңнің соңында қатысушыларға  жер сілкінісі, өрт және басқа да төтенше жағдайлар кезіндегі мінез-құлық тәртібі туралы жаднама мен брошюралар таратылды.

        Практикалық бөлімде – «Назар аударыңыздар, бәріңе!»  дыбыстық белгісі жіберілген бетте, барлығы ғимараттан шығып үлгерді. 

        Сынып жетекшілері оқушыларын түгендеген кезде 9-сыныптың екі оқушысын жоғалғандығы туралы  мектептің АҚ бастығына хабарлады. 

         Балаларды құтқару үшін кинологиялық есеп және қаланың құтқару қызметінің құтқарушылары тартылды.

         Құтқарушылар зардап шеккендерді үшінші қабаттың терезесінен түсіріп, алғашқы медициналық көмек көрсету үшін дәрігерлерге беру операцияларын жүргізді.

Мектеп

         Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары полковник Е. Әлібековтың айтуынша, жүргізілген жаттығу зардап шеккендерді құтқару, іздеу, көмек беруге және өрт, сел, су тасқыны, ғимараттардың құлауы, қайталама зілзала факторларын жою  кезінде зардап шегушілерге алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуге бағытталған. 

         Сейсмология Институты болжамдық комиссияның қорытындысына сілтеме жасай отырып, биылғы жылы Алматыда жеті баллдан жоғары жер сілкінісі болмайтынын ескертеміз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір