• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
22 Тамыз, 19:12:01
Атыраулық «Жасыл ел» сарбаздары облыс аумағын 180 текше метр қоқыстан тазартты

13 Сәуір, 2018 Мемлекеттік бағдарламалар

Рухани жаңғыру — қазақ қоғамын біріктіруші факторға айналды

Еліміздің бір қатар беделді оппозиция өкілдері де жолдау мазмұнына оң пікірлерін беріп жатты.

Бүгінде Елбасы ұсынған "Болашаққа бағдар, Рухани жаңғыру" бағдарламасы еліміздің даму процесіндегі негізігі жол сілтеуші құжат іспеттес. Ондағы басты бағыт әлемдегі дамыған бәсекеге қабылетті 30 елдің қатарына қосылу, саяси және экономикалық жаңғыру, адам капиталын дамыту, ашық азаматтық қоғам қалыптастыру.

Бұл бағдарлама бұған дейінгі Ақ Орда тарапынан ұсынылған басқа жолдаулармен салыстырғанда халық арасында кең қолдауға ие болды, тіптен саясатта сирек кездесетін құбылыс - еліміздің бір қатар беделді оппозиция өкілдері де жолдау мазмұнына оң пікірлерін беріп жатты. Екінші жағдайды әркім әр қалай бағалады, кейбіреулер қолдау білдірген танымал оппозиция өкілдерін қатаң сынға алып жатты. Алайда бұл құбылыс қазақ оппозицисының ел мүддесіне, мемлекет мүддесіне келгенде конструктивті диалог жүргізуге қабілетті, мемлекетшіл азаматтар екендігінің көрінісі.

Рухани жаңғыру - белгілі бір жағдайда қазақ қоғамын біріктіруші факторға айналды, бағдарлама аясында қоғамдық процестердегі әлеуметтік маңызды проблемалар өз шешімін табуда. Бағдарламаның негізгі концепциясы еліміздің болашақ кезеңдегі даму үрдісін халқымыздың терең тарихынан нәр алатын ұлттық құндылықтарға негізделген интеллектуалды жасампаз бәскеге қабылетті ұлт қалыптастыру. Ұлттық құндылықтарға негізделген заманауи даму стартегиясы бізге дейінгі әлемдік көшбасшы елдердің тәжирбиесінен де байқауға болады. XX ғасырдың 50-ші жылдары жапон елінің әлеуметтанушылары ұсынған жапон мәдениеті мен салт дәстүріне қарама-қайшы келмейтін мемлекеттік даму бағыттын жасақтау соның көрінісі болып табылады. Осыған орай «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы әлем алдында қазақ халқын бәсекеге қабылетті болашағы баянды ұлт етіп қалыптастыруға өз септігін тигізер.

А. Сәрсенбаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір