• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
22 Тамыз, 19:42:32
Атыраулық «Жасыл ел» сарбаздары облыс аумағын 180 текше метр қоқыстан тазартты

18 Сәуір, 2018 Шаруашылық

Қазақстанның ветеринарлық қызметіне ХЭБ сарапшылары бағалау жүргізді

Сарапшылар Астанадағы ХЭБ-тің аймақтық үйлестіру кеңесінің көмегімен аусыл ауруымен күресуде республикамыздың оң нәтижелерін атап өтті.

Қазіргі уақытта Халықаралық эпизоотия бюросының (ХЭБ) сарапшылар тобы республикамыздағы ветеринарлық қызметтер, соның ішінде жүйелік талдау мен жалпы басқаруға бағалау жүргізуге кірісті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

ХЭБ сарапашылары мал шаруашылығы обьектілерін, сою және сату нысандарын, облыстық ветеринарлық станциялар мен зертханаларды, ғылыми институттарды, сондай-ақ жетекші оқу орындарын аралады. ХЭБ сарапшыларының ветеринарлық қызметті бағалауы 5 жылда бір рет жүргізіледі.

Осы миссия барысында сарапшылар Астанадағы ХЭБ-тің аймақтық үйлестіру кеңесінің көмегімен аусыл ауруымен күресуде республикамыздың оң нәтижелерін атап өтті. Соның нәтижесінде еліміз аусыл ауруынан босатылған аймақ мәртебесіне ие болды.

Айта кетейік, Қазақстан 1993 жылдан бері ХЭБ құрамына кіреді.

Ветеринариялық қызметті бағалаудың алдыңғы миссиясы 2011 жылдың тамызында өткізілді. Тексерудің нәтижесі мен ұсыныстары негізінде Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті, аудандық ветеринарлық станциялар мен пункттер құрылды. Ветеринарлық заңнама халықаралық стандарттармен үйлестірілген, жануарларды сәйкестендіру бойынша деректер базасы жетілдірілді. Мәселен, егер 2011 жылы тек ірі қара мал ғана анықталса, бүгінгі күні ұсақ малдар, түйе, шошқа, жылқы анықталуда.

Экспорттық әлеуетті дамыту шеңберінде шетелдік экспорттауды дамыту үшін шетелдік мемлекеттермен келіссөздер жүргізуді жеңілдететін халықаралық ұйым мәртебесіне ие болу қажет.
2017 жылдың 25 мамырында 85 ХЭБ-ға мүше елдердің Бас сессия Ассамблеясында еліміздің 5 өңірі – Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары аусылдан таза аймақ мәртебесін ресми алды.

Бұған дейін Қазақстанның 9 облысы аусылдан екпесіз таза аймақ (2015), Аусылды бақылау бойынша ұлттық бағдарламаны қолдау (2016) және жылқылардың африкалық оба ауруынан таза ел статусын алған болатын. Осылайша, бүгінгі күні Қазақстан Республикасының барлық аумағы аусылдан таза ел ресми статусына ие.

ХЭБ сарапшыларының оң қорытындысы Қазақстанның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін мал шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыруға мүмкіндік береді.

Дүниежүзілік жануарлар денсаулығы ұйымы (OIE) – Халықаралық эпизоотиялық бюро – әлем бойынша жануарлардың денсаулығын қорғауға жауапты үкімет аралық мекеме, 1924 жылы 25 қаңтарында құрылған.

ХЭБ-тің негізгі мақсаты – мемлекеттердің құрылымы мен экономикалық мәртебесіне қарамастан, жануарлардың денсаулығын сақтау мен қорғау болып табылады.

1) Зоосанитарлық ақпаратты жеткізу;
2)Ветеринариялық кызметті жақсарту бойынша ұсыныстар жасау;
3)Халықаралық нормалар, стандарттар, ережелер мен ұсыныстарды дайындау.

ХЭБ-ке мүше елдер төмендегідей артықшылыққа ие болады:

ХЭБ талаптарына сәйкес жануарлардың және мал шаруашылығы өнімдерінің әлемдік нарығында барлық индустрияландырылған және дамушы елдерге тең қол жеткізуді ынталандыру;
Жануарлардың денсаулығын сақтауға әдістемелік кеңес беру, азық-түлік қауіпсіздігі;
Ерекше қауіпті жануарлар ауруларының эпизоотиясын жоюға жәрдемдесу.э

Қазіргі таңда 180 ел ХЭБ-қа мүше болып табылады.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір